Каржы сауда лексикасы соңғы

255 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ сағай, койбол тілдерінде көзәггә , қызыл тілінде көжәгә «перде, қоршау»; ұйгыр тілінде көшүгә/көшүк «перде, шымылдық, төсек- орнын қоршауы». Осылайша көсеге сөзі түркі тілдерінің көпшілігінде «перде, шымылдық; перде, шымылдықпен коршалған төсек орын; жаңа үйленген жастарға арналған отауша, бөлімше, үйшік» мағынасы болса, парсы тіліндегі кушк «павильон, киоск, вышка, башня» те осы түркі тілдерінен келген деп тұжырымдауға болады. Көсеге біздің сөз болса, одан парсыға өтіп, парсыдан бізге киоск түрінде қайта кірді. Көпес «Алып-сатар, саудасы жүріп тұрған бай саудагер» (ҚТТС 415). Бұл сөз орыс тіліндегі купец «саудагер, алыпсатар бай адам» сөзінен енген. Орыс тіліндегі купец сөзі купить «сатып алу» етістігінен жасалған. Қазақ тіліне енгенде, өзіміздің дыбыстық заңдылықтарға сай купец → көпес түріне ауысқан. Түпкі төркіні көне славян тілдеріне барып тіреледі: Көне славян т. кѹпьць , орыс, укр., болгар т. купец , словен. kuрǝ̀с , словак және чех т. kuрес , поляк т. kuрiес нұсқаларында жұмсалады. Бұл атау бастапқыда «сатып алу, айырбас жасау ісімен айналысушы адам» деген мағынада жұмсалып, кейіннен «сауда ісін кәсіп еткен бай, дәулетті адамды» білдіретін терминге айналған. Көтермеш «көтерме саудамен кәсіп етуші саудагер» (ҚТТС 420). Бұл сөз көтеру етістігінен туындаған төл қазақ сөзі. Көтеру «жоғары шығару, арттыру» мағынасынан өрбіген. Осындай негізден жасалған көтерме, көтерме сауда тіркестері «ірі көлемде, көп мөлшерде сатып алу немесе сату» деген ұғымды білдіреді. Ал көтермеш «осы іспен айналысатын адам, яғни көтерме саудагер». Семантикалық тұрғыдан алғанда, көтермеш сөзі алып-сатар мен көпес атауларына жақын, бірақ олардың ауқымы мен реңкі өзгеше. Алып-сатар «ұсақ делдалдық, пайдакүнемдік» сипатта болса, көтермеш «ірі көлемдегі сауда айналымымен шұғылданушыны» білдіреді. Қазақ тілінде бұл сөз төл түбірден (көтеру) туындап, өнімді -ш жұрнағы арқылы жасалған (көтеру → көтерме → көтермеш). Мұндай сөзжасам үлгісі түркі тілдеріне тән.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==