Каржы сауда лексикасы соңғы

254 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Дүкен сөзіне келсек, араб тіліндегі dukkān (=ішінде әртүрлі заттар сатылатын жер) сөзінен алынған деп саналады. Арабтың dukkān сөзі шумер тіліндегі da-ga / da-gan (=бөлме) және e-ganba (=сату үйі, сауда орны, базар) сөздерімен байланысты болуы мүмкін. Семит тобына жататын суахили тілінде бұл сөз duka түрінде айтылады. Басқа тілдердегі баламалары да ұқсас: Хинди: dukāna Парсы: dokan Бенгал: dōkāna Панджаб: dukāna Пушту және синдхи: dukan Тәжік: dukon Күрд: dûkan Урду: dûkān. Бұл сөз түркі тілдеріне де енген: Әзербайжанша dükân Ұйғырша dukan Түрікменше dükāan Қырғызша дүкөн Өзбекше дӯкӑн. Бұл және басқа мысалдар негізінде, «дүкен» сөзі семит тілдерінде кең тараған емес, керісінше, оның таралу аймағы үнді- иран және оларға жақын тілдермен байланысты екені анықталады (дереккөз: https://aksozluk.org/dukkan). Киоск «көшелерде, вокзалдарда жеңіл материалдан жасалған, ұсақ бөлшек саудаға арналған шағын құрылыс, дүңгіршек». Негізі француз тіліндегі kiosque және неміс пен ағылшын тіліндегі kiosk формасынан орыс тіліне кіріп, кейін түркі тілдеріне кірген деп айтылса да, оның қазіргі түрік тіліндегі köşk «павильон, шатыры жоқ үй, сарай» сөзінен алынғаны анық. Түрік тіліне парсы тілінен алынған деп айтылады, бірақ бізге бұл түркі-моңғол тілдеріндегі көшүк (бізше көсеге) атауымен байланысты. Хакас тілінде кӧзеге «перде, шымылдық»; тува тілінде де көжеге «шымылдық, перде», моңғол тілінде хешиг «шымылдық, штора»,

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==