Каржы сауда лексикасы соңғы

253 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ болға. Бұл – көне әрі бейресми, көбіне ауылдық сипаттағы сөз. Грек тілінен алынған panayır сөзі көне грекше panegýrion (πανεγύριον) «мереке, жәрмеңке» деген сөзден шыққан. Көне грек сөзі panēgýris екі бөліктен тұрады: pan- (πᾶς, παν[τ]-) «барлық, бүкіл» деген мағына береді, ал ágyris / agorá (άγυρις / αγορά) «жиналу, бас қосу, халық жиналысы, базар» деген семада. Осыдан барып «барлығыжиналатын орын, халықтық жиын немесе мереке» деген шығады. Fuar қазіргі ресми, халықаралық немесе іскерлік жәрмеңке. Француз тіліндегі foire сөзінен енген. Бұл сөз бизнес, техника, өнеркәсіп, кітап т.б. көрмелерге қатысты қолданылады. Pazar «апта сайын қаланың аудандарында болатын, жергілікті шаруалардың өнімдері сатылатын базар, сауда жәрмеңкесі». Ләпке «дүкен, шағындау келген дүкен» (АбайТС 355). Орыс тіліндегі лавка сөзі қазақ ауызекі тілінде «ләпке» деп айтылады, осылайша ләпке орыс тілінен енген лавка сөзінің дыбыстық бейімделу нәтижесінен туындаған. Абай өлеңдерінде де осы нұсқада жазылған: Біліп кеп тұрған ләпкесін , Бұзып талқан етіпті. Түк қалдырмай әммесін Үптепті де кетіпті. Жайынша жатып, қарны тоқ, Ұйқысы қанып тұрды бай. Сыр жалаңаш, түк те жоқ, Ләпкесі , үйі айнадай (Абай 1909: 89). Лавка славян тілдеріне тән сөз, ол көне орыс және бұрынғы славян т. лава «скамья, нары, полок» + «-к» жұрнағынан жасалған, қазіргі орыс тілінде ла́вка , украин т. ла́ва , белорус т. ла́ва , болгар т. ла́вица «скамья», словен т. lávа «низкий буфет, сервант», чех т. lаvа , lavice «скамья», поляк т. łаwа , ławka «скамья» түрінде жұмсалады (Фасмер сөздігінен). Түркі тілдерімен салыстырғанда, «шағындау дүнгіршек» деген семада түрік тілінде dükkân (біздегідей «дүкен» мағынасында емес, ләпке дегенге келеді) сөзі қолданылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==