Каржы сауда лексикасы соңғы
252 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Түрік тіліндегі tezgâh парсыдағы dastgāh «қол орны»-дан шыққан. Бастапқыда «қолмен жұмыс істеуге арналған орын» деген ұғым болған, кейін «үстел, сөре, сауда орны» мағынасына ауысқан. Түрікмен тілінде ýol söwdagär немесе bazarçy (базаршы», жол бойында сатушы) сияқты сөздер қолданылады. Бұл да жаймашы ұғымына жақын. Қырғыз тілінде жаймашы тұлғасы жоқ, бірақ мағыналық баламалары кездеседі: көчө соодагер «көше саудагері», араба соодагер («арбамен сатушы»). Өзбек тілінде де дәл осы мағына ko‘cha savdogari немесе aravakash sotuvchi тіркестері арқылы беріледі. Ұйғыр тілінде kocha setiqchi (көше сатушы) деген тіркес бар. Жәрмеңке «мерзімді уақытта белгілі бір жерде болатын сауда орны, үлкен базар» (ҚТТС 286). Орыс тіліндегі ярмарка сөзінен қазақ тіліндегі нормаларға сәйкес бейімделіп алынған. Ал орыс тіліне ол поляк тілінен jarmark қолданысымен кірген. Оның түп төркіні ортағасыр немісшесіндегі jahrmarket сөзі екен, jahr «жыл» болса market «базар», сонда сөзбе- сөз «жыл базары, жылына бір рет ұйымдастырылатын базар» дегенге сәйкес келеді. Қазақ тілінде жәрмеңке түрінде бейімделіп, кейінірек бастапқы жылдық сипатынан айырылып, жалпы мерзімді немесе маусымдық ірі сауда орны деген кең мағынаға ие болған. Қазақ тілінде «жәрмеңке» сөзі XIX ғасырдан бастап жиі қолданылған, әсіресе Қоянды, Көкшетау, Семей, Ойыл, Қарқара жәрмеңкелері тарихтан белгілі. Бұл жәрмеңкелер тек сауда орны емес, сонымен қатар мәдени, қоғамдық, рухани байланыс ордасы болған, ақындар айтысы, ойын-сауық, өнер көріністері ұйымдастырылған. Түркі тілдерінің көбінде (әсіресе Кеңес одағында болған елдерде) орыс тіліндегі ярмарка сөзі арқылы кірген нұсқалар пайдаланылады. Тек түрік тілінде бұл мағынада басқа терминдер қалыптасқан: panayır , fuar және pazar . Panayır – дәстүрлі халықтық жәрмеңке. Ескі замандарда ойын- сауық, цирк, аттракцион, сауда қатар жүрген үлкен жиын есебінде
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==