Каржы сауда лексикасы соңғы
251 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қазақ сөздіктерінде бақалшы деген фонетикалық варианты ғана кездеседі: Бақалшы (көне) «уақ-түйек сатушы, саудагер» (ҚӘТС II 625). Бисте «саудагерді үйінде қонақ етіп орнына қой алатын адам» (Toқсы, Йағма, Чығыл тайпаларында) (Ercilasun, Akkoyunlu 2015: 380). Ortuk bolup bilişdi Meniŋ tawar satışdı Biste bile yaraştı Kizlep tutar tayımı «Ортақ (серіктес) болып танысты, менің тауарымды сатысты, Бісте (үй иесі) менен жарасты, Тайымды ұстап жасырысты» (Ercilasun, Akkoyunlu 2015: 380). Буқур- етістігі «саудаласу, тауардың бағасын түсіріп сатып алу». Диуани лұғат-ит түркте: О at tegirinden bukurdı «Ол аттың өз бағасынан түсірді» (DLT II 82). Жаймашы (жерг.) «базарда ұсақ-түйек сатып отыратын адам» (ҚТТС 250). Тауармен заттарынжергежайып қойып саудажасайтын адамдарға қарата айтылып жасалған төл сөздің бірі. Жаю етістігіне есім тудырушы «-ма» жұрнағы және кәсіптік мағына үстейтін «-ші» жұрнағы қосылу арқылы жасалған. Осылайша, жаймашы – тек қазақ тіліне тән, тіліміздің төл сөзжасам мүмкіндігін көрсететін ерекше атау. Мұндай семантикалық ұғымы кейбір түркі тілдерінде бар. Тікелей осы тұлға (жаймашы) түркі тілдерінің ішінде тек қазақ тілінде ғана бар. Алайда мағынасы, яғни «жерге жайып, ашықта, көшеде сауда жасау» басқа түркі тілдерінде де бар, бірақ басқа түбірлермен беріледі. Түрік тілінде seyyar satıcı («жылжымалы сатушы», яғни көшеде сатушы) және tezgâh açmak («сөресін/жаймасын ашу») тіркестері қолданылады. Соңғысы мағынасы жағынан жайып сату тіркесіне жақын. Түрікшеде tezgâh «дүкендерде сатушылардың алдындағы ұзын үстел» дегенді білдіреді, содан «сатушы» семасы шыққан.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==