Каржы сауда лексикасы соңғы
250 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «-āl» қазақшадағы «-шы» сияқты кәсіп иесін білдіретін жұрнақ болса бақалшік немесе бақалшы деп айтуымыз грамматикалық жағынан дұрыс емес, өйткені ол сөздің өзі кәсіп иесін білдіріп тұр ( қасап сөзі секілді, қасапшы деп айтылмайды). Оғыз, қарлұқ тілдер тобында бұл сөз өзінің бастапқы формасында жұмсалады: Әзербайжанша baqqal «тауар сатушы». Түрікмен т. бақғал «ұсақ саудегер, дүңгіршек иесі, сатушы»: Базар гөрки бақғал, йигит гөркі сақғал (мақал) «Базар көркі бақал, жігіт көркі сақал» (ТРС 68). Түрік т. bakkal «ұсақ саудагер, дүңгіршек немесе кішігірім дүкен иесі»: Bakkal bir müşteri için dükkan açmaz «Дүкенші бір алушы үшін дүкенін ашпайды»; Sermayesiz bakkal turp tohumu satar «Қоры жоқ дүкенші шомыр (редиска) тұқымын сатады» (ТурРС 92). Өзбек тілінде baqqol , ұйғырша bakkal «кішігірім дүкен иесі». Түркі тілдері арқылы орыс тіліне бакалейщик, бакалея түрінде енген. Араб және түркі тілдерінде бақал «көкөніс сатушы», түрік тілінде тілінде семасы кеңейіп, жалпы азық-түлік пен ұсақ тауар сатушы ұғымына ауысқан, орыс тіліне де осы мағынасында кірген. Бакалшік «ұсақ саудагер, ұсақ дүниелер сатушы». Бакалшік тұлғасы төрт сөздікте (ҚТТС, ҚТАС, ҚӘТС, Абай тілі сөздігі) де берілмеген. Бұл форманы Абай ғана қолданған: Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе, шаршап, жаяу жүрсе, демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейтұғын, солдат ноғай, қашқын ноғай, бакалшік ноғай деп (2-сөз). Абай қолданған ұсақ саудагер мәніндегі бакалшік − арабтың бакал және орыстың -шік (щик) формалары арқылы жасалған туынды сөз. Абай өлеңдері жинағында мұны парсыша деп көрсеткен. Негізінде бұл арабтың بقاّل баққал «көкөніс, жеміс-жидек сатушы» сөзі. Орыс тіліндегі бакалейщик те арабтан алынған (арабтан түрікке, түріктен орысқа өткен). Абайдағы «бакалшік» сол кезеңде орысшада қолданылған бір сөз болса керек, ақын да тікелей сол қолданысты пайдаланған.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==