Каржы сауда лексикасы соңғы
249 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Безиргеннің гидени билинмез, гелени билнер «Саудагердің шы ғысы білінбес, кірісі білінер». Жерчиниң ғызы монжуқ ойнар «Саудагердің қызы інжу моншақ ойнар». Базар « өндіріс өнімдерін сату, сатын алу процесін жүзеге асыратын еркін сауда-саттық орны». Базарлау «керек-жарақты сатып алу, сауда жасау; көтеріңкі бағамен саудалау, бұлдай білу» (ҚТТС 97). Базаршы «базарға барушы, базардан керек-жарағын алушы, базарлаушы» (ҚТТС 98). Базар күні (Шымк., Түрікм.: Таш., Мары; Қарақ.) «жексенбі» (ҚТАС 118). Парсыша bāzār « بازار сауда-саттық жасайтын жер» деген сөзден алынған, ba дегеніміз «тамақ» zar деген «орын», сонда «тамақ ішетін немесе сатып алатын жер» дегеннен шыққан. Түркі тілдеріне жаңа мағыналарға ие болып, орыс тіліне түркі тілдері арқылы кірген. Армян тілінде важар «сауда» және мажарша vásár «сауда» түркі тілдерінен көне дәуірлердің өзінде өткен. Орта ғасыр ескерткіштерінен Кодекс куманикуста базар «жеміс жидек сатылатын жер» деп тіркелген. Қазіргі күні кейбір оғыз және қарлұқ тілдерінде «жексенбі» күнін базар күні дейді, ал түрік тілінде тіпті дүйсенбі «пазартеси» (базар ертесі, базардан кейінгі күн) деп аталады. Түркі тілдерінде бір мағына кең таралған кірме сөздің бірі, түрік тілінен мақалдармен мысал ретінде берсек: Pazarda herkes ambardaki unu kadar konuşur «Базарда әркім қоймасындағы ұнына қарап сөйлейді, яғни көрпесіне қарай көсіледі» Utanma pazar, ara bozar «Саудаласуда ұялу, қатынасты бұзады». Ak ipin pamuk pazarına zararı vardır «Ақ жіптің мақта базарына зияны бар». Бақал «ұсақ-түйек сататын саудагер» (ҚТАС 120). Арабша бқл түбірінен келген баққал بقاّل сөзі негізінен «көкөніс, жеміс сатушы» дегенді білдіреді, сол тілде бақл « بقل көкөніс» дегенді білдірсе, баққал формасы «көкөнісші» семасын көрсетеді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==