Каржы сауда лексикасы соңғы
248 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қазақ тіліндегі сатулық және өзге түркі тілдеріндегі сатлық тұлғалары бір түбірден туындаған, құрылымы жағынан да ұқсас сөздер саналады. Түз жар «саудагер; көтерме саудамен айналысатын адам» (ҚТАС 682). Аймақтық сөздікте Иран қазақтары қолданады деп көрсетілген түзжар сөзі түрік тілінде tüccar ( түджар ) формасында белсенді жұмсалады. Арабша саудагер, саудамен айналысатын мағынасындағы тажир сөзінің көптік формадағы формасы саналады. Арабшаға көне арамей тіліндегі tagārā нұсқасынан келген. Осы түбірден өрбіген тижарет сөзі «сауда» семасында оғыз тілдерінде жұмсалады. Түрік тілінде түжжар «саудагер» дегенді білдіреді: Tüccar müşteriyi gözünden anlar «Саудагер алушыны көзінен-ақ түсінеді». İş sırasında, tüccar kârında 29 «Шаруа өз ретімен, саудагер пайдасымен». Korkak tüccar ne kâr eder ne zarar «Қорқақ саудагер пайда да көрмейді, зиян да шекпейді». Тüccar züğürtleyince eski defterleri yoklar «Саудагер кедейленсе, ескі дәптерлерін ақтарады». Sermayesi çanak çömlek, tüccarlıktan dem vurur «Қорында тек қана қыш-құмырасы бар өзін үлкен саудагер санайды. Түрікшеде синонимдес безирган сөзі де қолданылады: Bezirgân yanında mis kokar, demirci yanında is kokar «Саудагердің қасында жұпар иіс шығады, теміршінің жанында ыс, күйе сасиды». Түрікмен тілінде түчжар «бай көпес» (ТРС 651) мағынасында қолданылады: Дайхан – қырқ йылда, түчжар – қырқ гүнде (мақал) «Диқан қырық жылда, көпес қырық күнде бай болар». Түрікмен тілінде саудагер мағынасында бірнеше сөз кездеседі, солардың ішінде совдагәр, желлап, жерчи, безирген (базар сөзімен төркіндес, сөзбе сөз базаршы, яғни дүкенші дегенді білдіреді) бар: 29 Диуани лұғатит түркте: Иш йарағында, сарт ашығында «Іс, шаруа құралымен, сарт пайдасымен».
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==