Каржы сауда лексикасы соңғы
247 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ сұйықтың бірі), «меланхолия», «қара ой», «құмарлық, арзу, ессіз сүйіспеншілік» деген мағыналарда қолданылған. Кейіннен бұл түбірден жасалған sawdā сөзі Орта ғасырларда парсы және араб-парсы мәдени аймағы арқылы кеңейіп, «құмарлық, тілек, ынта» мағынасынан «бір іске, затқа, дүниеге деген құштарлық» ұғымына ауысқан. Осыдан барып сауда – «құмарланып іздеу, бір нәрсе үшін таласу, айырбас жасау» мәнінде қолданыла бастаған ( https://aksozluk.org/sevda). Cаттық сөзі: сауда-саттық . Саттық қазақ тілінде жеке-дара сирек қолданылатын, көбіне сауда-саттық қос сөзінің құрамында кездесетін көне түркі сөзі. Бұл сөздің түбірі сат - («сату») етістігінен шыққан. Қос сөздің бірінші сыңары сауда араб тілінен енген, ал екіншісі, саттық түркі тілдеріне ежелден тән төл элемент. Осылайша «сауда-саттық» тіркесі екі түрлі қабаттағы бірі араб, екіншісі түркі компоненттердің қосындысынан жасалған. Тарихи деректер: Көне түркі жазба ескерткіштерінде (ұйғыр және қарахан дәуірі жазбаларында) садығ «сауда» мағынасында қолданылады (ДТС 491). Хорезм дәуірінде жазылған ортаазиялық тәпсір кітабында сат - «сату»: cатығ «сауда» (Боровков 1963: 263). Тарихи қыпшақ жәдігері Кодекс куманикуста сатуһ «сауда» (KıpTS 228). Мәмлүк қыпшақ ескерткіші Ет түхфетүзде сатуқ «сауда» (KıpTS 228). Туыс тілдердегі ұқсас формалар: Ноғай т. сатлық «сатулық, сатуға қойылған, сатылатын» (НРС 290); татар т. сатлык «сол мағ.» (ТатРС 779). Қырғыз т. сатык «сатулық, сатылатын» (КРС II 139); қарақалпақ т. сауда-сатлық «сауда-саттық» (КкРС 568). Ұйғыр т. сода-сетиқ (YUTS 357); өзбек т. сотиқ «сауда» (УРС 393). Түрікмен т. сөвда-сатық «сауда-саттық» (TTS 586). Сарыұйғыр т. сат - «сату»: cатығ «сауда» (Малов 1957 : 101). тува т. садығ «сауда» (ТувРС 362). Сайып келгенде, қазақ тіліндегі саттық формасы көне түркі тіліндегі сатығлық тұлғасынан дамып қалыптасқан деп есептеледі.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==