Каржы сауда лексикасы соңғы

246 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Сауда сөзі түркі тілдерінде: Қырғыз т. соода «сауда»: Соодада достук жоқ (мақал) «Саудада достық жоқ» (КРС II 155); соода-сатық «сауда-саттық» (КРС II 139); қарақалпақ т. сауда «сауда»: сауда-сатлық «сауда-саттық» (КкРС 568); ноғай т. сәвде «сауда»: сауда-сату «сауда-саттық» (НРС 291); татар т. сәүдә «сауда» (ТатРС 829); құмық т. савда/савдюгер «сауда» (КумРС 252); қарашай-балқар т. саудюгер «саудагер» (РКБС 631). Ұйғыр т. сода «сауда»: сода-сетиқ (YUTS 357); өзбек т. савдо «сауда»: савдо-сотиқ «сауда-саттық» (УРС 361). Түрікмен т. сөвда «сауда»: сөвда-сатық «сауда-саттық» (TTS 586). Сауда сөзінен өзгеше экономикалық мағынадағы саудаласу (торговаться) етістігі туындаған. Кейбір тілдерде «саудаласу» семасында сату төл етістігінен жасалған термин қолданылады, мәселен башқұрт т. һатыулашыу «саудаласу» (БРС 729); ноғай т. сатувласув «саудаласу» (НРС 290); татар т. сатулашу «саудаласу» (ТатРС 780). «Саудаласу» семасында түрік тілінде базар түбірінен жасалған пазарлық туынды сөзі қолданылады: Çekişe çekişe pazarlık, güle güle para «Тартыса-тартыса саудаласу – күле-күле ақша төлеу». Denizdeki balığın pazarlığı olmaz, bini bir paraya «Теңіздегі балықтың саудасы болмайды, бәрі бес тиын» Bostan yeşil/gök iken pazarlığa oturulmaz «Бақша әлі көктемей тұрып, саудаласуға болмайды». Оғыз тобы тілдерінде сауда / сөвда / sevda «махаббат, сүйіспеншілік» ұғымында қолданылады. Түрік тілінде sevda «махаббат, ғашықтық», мысалы kara sevda «ессіз махаббат». Бұл – дәл сол арабша sawdāˀ («қара құмарлық, меланхолия») сөзінің мағыналық жалғасы. Әзербайжан тілінде де sevda – «ғашықтық, ынтық сезім». Түрікмен тілінде söwda экономикалық мағынада «сауда», бірақ көне поэзия мен кей аймақтық сөйлеу үлгілерінде ол да «құмарлық, сүйіспеншілік» мәнінде ұшырайды. Бұған да жөн бар, өйткені араб тіліндегі алғашқы мәні соған жақын: Араб тілінде swd түбірінен шыққан sawdāˀ )ءادوس( сөзі бастапқыда «қара нәрсе», «қара өт» (ескі медицинада адамды құрайтын төрт

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==