Каржы сауда лексикасы соңғы

245 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ аралау, сапар шегу деген көне етістік; «-ші» – кәсіп иесін, тұрақты әрекет иесін білдіретін жұрнақ. Демек, аткезші алғашқыда «атпен ел кезіп, сауда жасаушы, сапармен жүрген саудагер» деген мағынада қолданылған. Кейін бұл сөздің мағынасы әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты өзгеріске түскен. Ертеде сауда еркін жүрген кезде аткезші бейтарап кәсіп иесі саналса, кейін мемлекет тарапынан шекара мен сауда қатаң бақылана бастағанда «атпен жасырын жолмен тауар тасушы, рұқсатсыз саудагер» деген мағына алған. Осылайша «заңсыз тауар өткізуші» немесе «контрабандист» ұғымына ауысқан сияқты. Демек, аткезші – қазақ тілінің ішкі сөзжасам мүмкіндігімен туған төл туынды, ұлттық негіздегі атау Басқа түркі тілдерінде дәл осындай тұлға кездеспейді, көбінде бұл семада контрабандачы /контрабандист деген орыс тілі арқылы кірген термин қолданылса, тек қазақ тілінде төл атау жасалған. Түрік тілінде де осылай төл түркі сөл kaçakçı термині жасалды. Сауда «затты сату мен сатып алу айналымы жөніндегі шаруашылық әрекеті». Саудаға салды «сатпақшы болды, саудалады» Сауда нүктесі «сауда жасайтын, оны іске асыратын арнаулы орын. Саудагер «Заттың тұрақты, өзіндік бағасын асырып қайта сататын сатарман, алыпсатар». Саудалау «затты сату немесе алу үшін нарқын белгілеу, бағасына келісу». Саудалаласу «саудада бағасын түсіріп жеңілдік сұрау» Сауда-саттық «Сатып алу, сату сияқты алыс-беріс іс». Саудасыз «Ақысыз, пұлсыз; тегін» (ҚТТС 716). Сауда (Жамб. : Мер. , Жам.) «базар, демалыс күн (жексенбі)»; Өткен саудада ...тура бір дорба жұмыртқа қостым, осыған қара сабын әкеп бер деп (Ш. Мұрт., 41-ж. кел., 25) (ҚТАС 590). Қанжыға сауда (МХР) «қолма-қол сауда»: Мен саған қайтсең де менің қанжыға саудамды істе демеймін (МХР). Темірбек бүгін Иванның қанжыға саудасын өзіне өткеріп, есеп айырысып үйге кеш оралды (М.Құл., Таң., шығ., 19) (ҚТАС 383).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==