Каржы сауда лексикасы соңғы
244 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Атар (Қарақ.) «саудагер» (ҚТАС 77). Аймақтық сөздікте оның арабша сөз екені жазылған: Арабша гаттар «түрлі қол тауарлар сатушы» (Ар.-рус. 666) Бізше бұл араб тіліндені қтр түбірінен келген қатар « راطق қатар, қатар тізілген, керуен» дегеннен келген. Оның өзі көне арамей тіліндегі кәтар «байлау, қосу, жалғау» етістігіне апарады. Аткезші (Алм., Шел.) «ертеде атпен жүріп сауда істеуші»: Бұрынғы реттерде Қытай мен Албан елі арасында аткезшілер жүретұғын (Алм, Шел.). Осы мағынасы Мұқағали өлеңінде де көрінеді: Менің бабам бай да емес, аткезші емес, Кедей де емес, тұғырмен тепеңдеген. Күшін сатып біреуге жалданбаған, Сауда жасап, Пішпекке сандалмаған (Бала шақтан болашаққа). Аткезші (ҚХР) «қымбат бағалы заттарды заңсыз түрде жасырын алып сатушы»: Өзіндей сақал-мұрты, тұқа-түсі, Кемсеңдеп қарай берді әлгі кісі. Сырласса аткезші ме, апиыншы, Жатыпты үш ай мұнда пысып іші («Ақпар-Сейт» дастаны) (ҚТАС 79). Аткезші сөзі соңғы кездері контрабанда (контрабандист) терминінің қазақша баламасы ретінде қатар қолданылып, БАҚ беттерінде беріле бастады: Сөйтіп олар оған: «Бұл кешегі апиын, көкнармен жасырын сауда жасап жүрген аткезші, делдал ғой» деп қараған (https://anatili. kazgazeta.kz/news/58846). «Супер аткезші» – «Ныдрангета» қылмыстық тобы (https:// qazaqtimes.com/article/32725). Аткезші контрабандалық темекіні доңғалағының ішіне жасырып өткізбекші болды (https://ic24.kz/news/atkezshi). Ш.Құрманбайұлы контрабандист-аткешір-аткезші үшеуінің жарыса қолданылып жүрген лексикалық варианттардың қатарына қосқан. Аткезші сөзі морфологиялық жағынан үш бөліктен тұрады: ат + кез + -ші. Мұндағы «ат» – көлік, яғни жылқы; «кез» – жүру,
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==