Каржы сауда лексикасы соңғы

243 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Түбі «ұстау» семасындағы түркі тілдеріндегі тұту етістігіне апарады. Барлық түркі тілдерінде «тұтынушы» мағынасындағы терминдер әртүрлі жолмен жасалған: Түрікше tüketici , әзербайжан т. istehlakçı , түрікменше sarf ediji . Өзбекше iste’molchi , ұйғыр т. истимач . Қырғызша керектөөчү , татар т. кулланучы , башқұртша ҡулланыусы . Тува тілінде хереглекчи. Алыс-беріс «ауыс-түйіс, айырбас, өзара сауда» (ҚТӘС I 475). Қарақалпақ т. алғы-берги «өзара алыс-беріс»; алыс-берис «алыс- беріс, сауда» (КкРС 37); башқұрт т. алыш-биреш «алыс-беріс» (БРС 31); қарайым т. алыш-вериш (КРПС 67); қарашай-балқар т. алыш-бериш, алыш-беришчи, алыш-беришчилик; алышчы-беришчи «саудагер» (КБРС 58); қырғыз т. алыш-бериш «өзара алыс-беріс» (КРС 54); қырым татар т. алыш-вериш «сатып алу, сату, алу, сауда»; алыш-веришчи «саудагер» (КТРС 329); құмық т. алыш-бериш/алыш- беришчилик «сауда»; алыш-беришчи «саудагер» (КумРС 28); ноғай т. алыс-берис «сатып алу, сауда» (НРС 40); татар т. алу-бирү/алыш- биреш (ТатРС 41). Әзербайжан т. алыш-вериш «сауда»; алыш-веришчи «саудагер» (АзРС 15); гагауз т. алыш-вериш; алыш-веришчи (ГРМС 45); түрік т. alışveriş : Bir insanı tanımak için onunla ya alışveriş etmeli ya yola gitmeli «Бір адамды білу үшін онымен сауда жасау керек я болмаса бірге жолға шығу қажет»; Adamın iyisi alışverişte belli olur «Адамның жақсысы саудада белгілі болады» (ТурРС 47); түрікмен т. алыш- вериш (ТРС 43). Ұйғыр т. алди-берди ; алди-сатти; алғу-бергү «алыс-беріс» (YUTS 9); өзбек т. олиқ-солиқ «күйеудің тойда ақша таратуы», олиқ- сотиқ «алысберіс, сауда» (УРС 314). Тува т. алыш-бериш «взаимообмен, передача друг другу» (ТувРС 56). Құтты білікте алым-берим қос сөзі тіркелген: алымқа беримке оңай болса өз «алым мен берімде өзі әділ болса» (ДТС 38). Диуани лұғатит түркте алыш-бериш қос сөзі бар болса, Құтты білікте алыш-бериш- етістік түріндегі қос сөз тіркелген (ДТС 38).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==