Каржы сауда лексикасы соңғы
242 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Тutgun alıp kul satar «Тұтқын алып құл қылып сатады» (DLT II 219). Olar ikki tawar satışgan alışganlar ol «Олар екеуі әрдайым мал, дүниені өзара сатысқан, алысқан» (Ercilasun, Akkoyunlu 2015: 226). Сатған «сататын, әрдайым сатумен айналысатын». Сатғулуқ «сата алатын»: Ol satguluk turur «ол сата алады» (Ercilasun, Akkoyunlu 2015: 325). Хорезм, Алтынорда дәуірінде жазылған Ортаазиялық тәпсір кітабында сат - «сату»: cатығ «сауда» (Боровков 1963: 263). Сату етістігі қазіргі түркі тілдерінің барлығында жұмсалады: Қарайым т. сатув «сату»: cатув-алув «алып-сату, сауда-саттық» (КРПС 468); құмық т. сатмақ «сату»: сатыв - алыв (экон.) «алып- сату» (КумРС 260); қарақалпақ т. сату «сату»: алып-сатар «алып- сатар»; алып-сату «алып-сату» (КкРС 567); ноғай т. сатув «сату»: сатув - алув (НРС 290); қырғыз т. сатуу «сату»: алып сатар «алып- сатар» (КРС II 139); татар т. сату : Куянны үтермәс борын тиресен сатмыйлар (мәтел) «Қоянды өлтірместен бұрын терісі сатпайды»; cату-алу «алып-сату» (ТатРС 779); башқұрт т. һатыу «сату»: Атанан якшы тыуһа, атып ашар, яман тыуһа, һатып ашар «Атадан жақсы туса, атып асар. Жаман туса сатып асар» (БТҺ II 579). Ұйғыр т. сатмақ «сату»: сатти-алди «сауда, алып-сату» (YUTS 342); өзбек т. сотмоқ «сату»: сотиқ «сауда»: олиқ-сотиқ «алып сату» (УРС 393). Түрікмен т. сатмақ «сату» (ТРС 568); түрік т. satmak «сату»: Çerçi başındakini satar «Кезбеші (ала дорбалы саудагер) басындағысын да сатады»; Zaman satar samanı «Уақыт саманды да сатады» (ТурРС 555); гагауз т. сатмаа «сату» (ГРМС 402); әзербайжан т. сатмағ «сату» (АзРС 258). Сарыұйғыр т. сат - «сату»: cатығ «сауда» (Малов 1957: 101); алтай т. сат -/ сад - «сату» (АРС 575); хакас т. сат - «сату» (ХРС 183); тува т. садығла - «сату»: садығ «сауда» (ТувРС 362). Чуваш т. сут - «сату» (ЧувРС 381); якут т. атыылаа «сату»; атыы «сауда» (ЯРС 52). Тұтынушы «пайдаға асырушы, керегіне жаратушы, қолданушы» (ҚТТС 828). Тұтыну етістігінен шыққан сөз орыс тіліндегі «держатель, потребитель» сөзінің қазақ тіліндегі аударма терминіне ұқсайды.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==