Каржы сауда лексикасы соңғы
241 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ шының жүзін көрме». Арзан болса алувжыдан ынсап гидер (кетер), ғыммат (қымбат) болса сатувжыдан (Doğan 2020: 655). Түрік т. satıcı (ТурРС 754). Өзбек т. сотучи (УРС 393); ұйғыр т. сатқучи (YUTS 342). Алтай т. садучы «сатушы» (АРС 558). Тува т. садығжы «сатушы, көпес, алып сатар» (ТувРС 362). Хакас т. садығчы (ХРС 178). Чуваш т. сутуча «сатушы; көпес» (ЧувРС 385). Якут т. атыылааччы «сатушы»; атыыһыт «көпес» (ЯРС 53). Көне түркі тілінде сатығчы «сатушы, алып сатар» (ДТС 521). Сатулық «сатуға қойылған, сатудағы зат». Қазіргі түркі тілдерінде: Қарақалпақ т. сатлық «сатылым, сатулық» (КкРС 567); башқұрт т. һатлық «сатулық» (БРС 728); қарайым т. сатлық «сатулық» (КРПС 468); қарашай-балқар т. сатлық (КБРС 543), қырғыз т. сатық «сатулық» (КРС ІІ 139); қырым татар т. сатлық (КТРС 503); ноғай т. сатлық (НРС 290); татар т. сатлық (ТатРС 779). Ұйғыр т. сатлиқ «сатулық зат» (YUTS 342). Гагауз т. сатылық «сатулық» (ГРМС 402); түрік т. satılık (ТурРС 754); түрікмен т. сатлық (ТРС 568). Чуваш т. сутлах «сатулық» (ЧувРС 385). Көне түркі тілінде: Сатығлығ «сатулық, сатылатын дүние» (Caferoğlu 1968:198) Диуани лұғатит түркте сатығлық «сатылатын зат» (Ercilasun 2015: 221). Жоғарыдағы сөздер сату етістігінен жасалған, сондықтан сату сөзінің тарихи салыстырмасы төменде келтірілген. Сату «Затты өз құнына тұратын ақшаға беру, саудалау» (ҚТТС 714). Сату сөзі көне және ортағасыр жазба мұраларында: Көне ұйғыр жазулы мұраларында сат - «сату» (EUTS 198). Махмұт Қашқари Диуани лұғатит түркте сат - «сату» (ДТС 490) Диуани лұғатит түрктен мысалдар: Оl tawar sattı «ол мал сатты» (DLT II 295). Оl tawarın satığlı ol «Ол малын сатпақшы» (DLT II 297).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==