Каржы сауда лексикасы соңғы
240 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Гагауз т. сатмақ/саты/сатым «сату, сатылым» (ГРМС 402); түрік т. satı/satım/satış/satma «сату, сатыс»; satıcılık «ұсақ сауда» (ТурРС 754); түрікмен т. сатма/сатув/сатмақ/сатыш (ТРС 568). Өзбек т. сотиқ «сатыс, сатым, сату» (УРС 393); ұйғыр т. сатма/ сатмақ/сатмақлик (YUTS 342). Алтай т. садыш «сатылым, сатыс»; cаду «сату, сатым» (АРС 559). Сары ұйғыр т. сатығ «сату, сатыс; төлем» (Малов 1957: 101). Тува т. садығ «сату, сатым, сатылыс» (ТувРС 362). Хакас т. садығ «сату, сауда, сатылым» (ХРС 178). Чуваш т. сута/cутуил «сату, сатылым, сатыс» (ЧувРС 385). Якут т. атыы/атыылаһыы «сауда, сату, сатылыс; баға; сатылатын тауар» (ЯРС 52). Сатушы «саудагер, дүкенші» (ҚТТС 715). Тілімізде сатарман «сатушы адам, саудагер» (ҚТТС 714) нұсқасы кездескенмен сатушы секілді белсенді жұмсалмайды. Мұндай форма қырғыз тілінде бар: Қырғыз т. сатарман «сататын, сатамын деп шешкен» (КРС ІІ 139). Ал сатушы нұсқасына келсек, ерте дәуірден бері едәуір жиі кездеседі: Диуани лұғатит түркте сатғучы болып қазіргі қазақ тіліндегідей форма мен мағынада тіркелген: Сатғужы «сатушы» (Ercilasun, Akkoyunlu 2015:325). Саттачы «түрікмендерде сатушы» (Ercilasun, Akkoyunlu 2015: 325). Қазіргі түркі тілдеріндегі қолданысы: Қарақалпақ т. сатыушы (КкРС 567); башқұрт т. һатыусы «сатушы» (БРС 729); қарайым т. сатувчу (КРПС 469); қарашай балқар т. сатыучу : Сатыучуну иманы жоқ, алыучуну амалы жоқ «Сатышының иманы жоқ, сатып алушының амалы жоқ» (КБРС 543); қырғыз т. сатуучу (КРС ІІ 139); қырым татар. сатыджы (КТРС 504); құмық т. сатывчу (КумРС 260); ноғай т. сатувшы (НРС 290); татар т. сату итүче/сатучы (ТатРС 779). Түрікмен т. сатыжы «сатушы»; сатығчы «(арх.) ұсақ саудагер» (ТРС 568): Арзанлықда алыжының, ғыммаелықда сатыжының йүзүнү гөрме «Арзан кезінде алушының, қымбатшылықта сату
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==