Каржы сауда лексикасы соңғы
239 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Cатып алушы «саудада затты не дүниені ақша төлеп, өз пайдасына алушы, аларман» (ҚТТС 38). Башқұрт т. Һатып алыусы «сатып алушы» (БРС 729); қарайым т. сатын алувчу (КРПС 469); қырғыз т. сатып алуучу (КРС ІІ 139); құмық т. сатып алывчу (КумРС 260); ноғай т. сатып алувшы (НРС 290); татар т. сатып алучы (ТатРС 779). Гагауз т. сатын алыжы «сатып алушы» (ГРМС 403); түрік т. satın alıcı (ТурРС 754). Тува т. садып алыкчы «покупатель» (ТувРС 362). Сатымсақ (Сем.: Ақс, Көкп., Абай,Шұб.) «сатылатын, сатылатын дүние»: Базарда сатымсақ малдар көп пе? (Сем., Ақс.) (ҚТАС 589). Мұндай қолданыс ерте ортағасырлардан бері кездеседі, мысалы Диуани лұғатит түркте бар: Сатығсақ «сатуға ниетті, сатқысы келетін адам» (Ercilasun, Akkoyunlu 2015: 325). Бұл ескерткіште сатығсады етістігі болса «сатуды қалады» деп тіркелген. Қазіргі түркі тілдеріндегі нұсқалары: Алтай т. садынчақ/садынчық «сатуға бейім, сатып кеткіш, сатқын» (АРС 559); хакас т. садынчах «сатқын, сатқындыққа бейім адам» (ХРС 178). Чуваш т. сутанчак «сатқын» (ЧувРС 385). Сатылым «Сауда, тауар айналымы» (ҚТТС 715). Тілімізде осы мағынада сату, сатым және сатыс, сатылыс нұсқалары кездесетіндей, түркі тілдерінде де мұндай формалар бар: Көне түркі тілінде сатығ «сату, сатыс, сауда, алып-сату» (Caferoğlu 1968: 198). Қарақалпақ т. сатыс (КкРС 567); башқұрт т. һатыу: Ьатыу- алыу «купля-продажа» (БРС 729); қарайым т. сату/сатмақ/сатым/ сатыш/сатув-алу «сатылым, сатыс (продажа)» (КРПС 469); қарашай, балқар т. сатмақлық/сатыу (КБРС 543); қырғыз т. сатуу/ сатыш/сатылыш (КРС ІІ 139); қырым татар. сатув/сатма (КТРС 504); құмық т. сатыв/сатывчулуқ (КумРС 260); татар т. сатучылық (ТатРС 780).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==