Каржы сауда лексикасы соңғы

238 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Сатып алу «ақша төлеп өз пайдасына бір зат, дүние алу, құнын төлеп имендену» (ҚӘТС I 328). Мұндай сөз тіркесі түркі тілдерінде кездеседі: Құмық т. сатыв алыв « сатып алу, сауда, сауда-саттық» (КумРС 27); башқұрт т. һатып алыу «сатып алу; сатылым» (БРС 729); қарайым т. сатын ал- (КРПС 469); қарашай-балқар т. сатыу-алыу «сауда, сатыс» (КБРС 543); қырғыз т. сатып алуу «сатып алу; сатыс (купля)» (КРС ІІ 139); қырым татар т. сатын/сатып алмақ (КТРС 504); құмық т. сатыв алыв «сауда» (КумРС 260); ноғай т. сатып алув «сатып алу»; сатув-алув «купля продажа» (НРС 290); татар т. сатып алу (ТатРС 779). Гагауз т. сатын алмаа «сатып алу (етістік және есім сөз)» (ГРМС 403); түрік т. satın almak/satın alma (ТурРС 754); түрікмен т. сатын алмақ (ТРС 568). Өзбек т. сотиб олмоқ (УРС 393). Алтай т. садып ал- (АРС 559); хакас т. садып ал- (ХРС 178). Көне ұйғыр жазулы мұраларында сатып ал- (ДТС 520). Алу етістігінің өзі де жеке қолданылып, «сатып алу» дегенді білдіреді, мәселен көне түркі жазба мұраларында: Бу оғланығ бир торуғқа алдым «Бұл ұлды бір торы атқа алдым» (МҚ); Бу ат қыз алдым «Бұл атты қымбатқа сатып алдым» (МҚ) (ДТС 35). Алу етістігі сатып алудан қысқармаған, оның өзі «қабылдау», «иелену», «ұстау», «тарту», «сатып алу» секілді көп мағыналы етістік. Уақыт өте келе al- етістігі жалпы иелену мағынасына кеңейіп, нақты «ақшаға иелену» мағынасы айқындалу үшін оған қосымша сөз тіркесіп айтыла бастаған (сат және алу етістіктері қосылып). Мұндағы sat - сатушы әрекеті, al - алушы әрекеті, бірігіп толық мағына береді. Қазіргі сөздіктерге тіркелмесе де түркі тілдерінің көбінде алудың өзі «сатып алу» дегенді білдіреді, мысалы құмық т. алыв «сатып алу» (КумРС 27).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==