Каржы сауда лексикасы соңғы

237 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Түрік тілінде алымсак «парақор» (ТурРС 46) дегенді білдірсе, түрікменшеде соған жақын алымсақ «алуды жақсы көретін, сыйлыққор» (ТРС 43) семасы тіркелген. Түрікменнен алыс алтай жұртында да сол мәні аңғарылады: Алтай т. алымзақ «алғыш, алуды жақсы көретін»: Алымзактыҥ колы jылгыр (Погов.) «У любящего брать рука быстрая» (АРС 65). Аларман «алушы; дүкеннен зат сатып алушы адам» (ҚТТС 38). Алу етістігінен қазіргі күні белсенді жалғанбайтын «-арман» күрделі жұрнағының қосылуы арқылы жасалған аларман нұсқасы «алушы» деген семада актив қолданылмайды. Аларман сөзі түркі тілдері сөздіктерінен тек қырғызшада тіркелген: Қырғыз т. аларман «алушы, алатын»: Аларманға алтоо аз, берерменге бешөө көп (КРС 47). Осы тілде алышман деген жасалуы жағынан ұқсас формасы да кездеседі: Алышман: алышман-беришмен «аларман-берермен, өзара сауда жүргізуші, серіктес» (КРС 54). Түркі тілдерінде көбіне алушы деген нұсқада айтылады. Алушы «сатып алушы, затты, нәрсені алатын адам» (ҚӘТС 463). Алушы сөзі қазіргі түркі тілдері сөздіктеріндегі деректерге қарағанда қыпшақ және оғыз топтарында белсенді қолданылады: Башқұрт т. алыусы «алушы»: Биреусегә бишәу зә күп, алыусыға алтау за аз «Берерменге бесеу көп, аларманға алтау аз» (БРС 31); қарайым т. алувчу (КРМС 66); қарақалпақ т. алыушы «сатып алушы»: сатып алыушылық «сатып-алу» (КкРС 42); қарашай-балқар т. алыучу «сатып алушы»; алыучулуқ «сатып алушылық» (КБРС 58); қырғыз т. алуучу/сатып алуучу «сатып алушы» (КРС 53); қырым татар т. алыджы «сатып алушы» (КТРС 329); құмық т. алывчу «сатып алушы, көтерме бағамен алып сатушы» (КумРС 27); ноғай т. алувчы «сатып алушы» (НРС 40). Әзербайжан т. алычы «сатып алушы» (АзРС 15); гагауз т. алыжы «алушы» (ГРМС 44); түрік т. алыжы «сатып алушы» (ТурРС 46); түрікмен т. алыжы «сатып алушы, клиент» (ТРС 42). Тува т. алықчы : садып алықчы «сатып алушы» (ТувРС 56). Якут т. ылааччы «алушы» (ЯРС 525).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==