Каржы сауда лексикасы соңғы
236 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ САУДА-САТТЫҚ ТЕРМИНДЕРІ Айырбас «саудадағы бір затты екінші затқа ауыстыру ісі». Айырбас сауда «мүлік, дүние, малды баспа бас айырбастау» Айырбастау «саудада бір затты басқа бір затқа алмастырып алу». Айырбасшы «Айырбас қылуға құмар, әуес» (ҚТТС 28). Айырбастау (МХР) «ақшаны ұсақтау, майдалау» (ҚТАС 32). Айырбас қолданысы түркі тілдерінде, әсіресе, оғыз, батыс қыпшақ тілдерінде кездеспейді, тек қазақ тіліне жақын тілдерде ғана көрінеді: Қырғыз т. айырбаш; айырбаш қыл; айырбашта; айырбаштоо (КРС 37). Қарақалпақ т. айырбас; айырбасла (КкРС 30). Өзбек т. айирбош; айирбош қилмоқ; айырбошламоқ (УРС 9). Татар тілінде айырбас сөзі кездеспесе де тура сол семада алмастыру етістігімен байланысты алмаш (ТатРС 39) сөзі кездеседі. Айырбастағы «бас» жұрнағы алмастыру етістігіндегі «-мас» жұрнағының «бас» деген фонетикалық варианты болуы керек. Алымсақ (Шымк.: Түркіс, Сайр., Түлк., Арыс) «сатып алушы»: Бүгінгі базарда мал алымсақ болмады (Шымк., Түркіс) (ҚТАС 58). «Сатып алу» мағынасындағы алу етістігіне «-ым» есім тудырушы жұрнағы жалғанып, «сатып алым» деген семада алым сөзі пайда болып, оған көне «-сақ (бұрын кәсіп білдіруші «-шы» функциясы да болған)» қосымшасы қосылып жасалған. Қазіргі әдеби тілде «-шақ» нұсқасы белсенді жұмсалып, «-сақ» формасы «қайынсақ» секілді кейбір сөздер құрамында сақталған. Тура осы мағынасында және сол тұлғадағы сөз қарақалпақшада айтылады: Қарақалпақ т. алымсақ «сатып алушы» (КкРС 41). Қырғыз тілінде «аласы, алынатын қарыз ақша» деген семада тіркелген: Қырғыз т. алымсақ : Бир кишиде алатурған алымсағым бар «Бір кісіден алатын қарызым бар» (КРС 53).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==