Каржы сауда лексикасы соңғы

233 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Ымырa «Бітім, келісім, алдын ала келісілген сөз, берілген уәде». Ымыраны бұзу – жаманның ісі, Қатарды бұзу – шабанның ісі (Мақал). Түбі парсыша ( همراه hamrâh) сөзінен келген болса керек. Иран тілінде hem – «дас» мағынасындағы жұрнақ болса, daş «жол» дегенді білдіреді. Сонда дос, жолдас, жолдастық» мағынасындағы сөзден өзара «достық келісім, бітім, достасу» деген қосымша сема туындаған сияқты. Түрік тілінде Hemrah және Emre есімдері осымен байланысты, қазақ Әміре есімінің түбірін де бұдан іздеу керек секілді. Түркі тілдерінде ымыра немесе оған фонетикалық жағынан жақын форма кездеспейді. Түркілерде бұл семада келісім, бітім, муофиқат, узлашма, анлашма, сөзлешме, ылалашық, т.б. терминдері бар. Бітім «Өзара келісім, тоқтам; әділдік, бейбітшілік жайлы келісімшарт, пәтуалы шешім»: Бітім айтты «мәмілеге келтірді, келісім айтты». Бітімге келді «келісім тапты» (ҚТТС 169). Төл сөзіміз біт- етістігіне «-ім» есім тудырушы жұрнақ арқылы жасалған сәтті терминдердің бірі, бір нәрсенің соңы, мәселенің тоқтамы деген бірінші мағынанадан өзара келісім семасы шыққан. Бұдан бітімші «дауласқан,жанжалдасқанадамдардытатуластырушы, ымыраға келтіруші адам», бітімгер «соғысушылардың бір жағы екінші жақпен келіссөз жүргізуге өкілеттік берген ресми тұлға» және одан ары қарай бітімшілік және бітімгерлік , бітімгершілік формалары туындаған. Мұндай қолданыс түркі тілдерінде кең таралмаған: Қырғыз т. бүтүм 28 «бітім, келісім» (КРС 169). Қарақалпақ т. питим «келісім, бейбітшілік, бітім» (КкРС 533). Өзбекше және ұйғырша bitim , түрікменше де bitim түрінде бар, бәрінде «келісім, шарт, мәміле» мағынасында қолданылады. Жалдап «Екі арада жүретін делдал; сатушы, саудагер; құл алып сатушы; ауыс. қу, сұм, алаяқ адам». 28 Біту етістігі көне түркі тілінде бүту тұлғасында айтылған, қазақ тілінде ол бүтін сөзінде сақталған.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==