Каржы сауда лексикасы соңғы
234 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Бұларды (моряктарды) келемеж ғып дүрелейді; Кемедегі жалдаптар асып-тасып. Сен неге Жиенбайды дүр деп айттың? «Алды жөн – адасқанның» деген сөзге. Оның да орта бойлы сөз байлығы, Жалдаптан көтерме алып, сатқан бөзше. Тілде жәлдеп болып та айтылады: «Жəлдеп тамыр, маған мойныңды бұршы, деді. Жалдаптан жалдаптық туынды тұлғасы шыққан: Жалдаптық «1) саудагерлік, алыпсатарлық, делдалдық; 2) ауыс. қулық, сұмдық, алаяқтық» (ҚТТС 257). Бізде тіпті міне, Москвада əрі аштық, əрі суық, «ал бұрын таза, сəнді болды, қазір – сауда, жалдаптық », деп жазған ақындар да болды. Бізде бірсыпыра осындай ақындық шығармалар бар. Мұның шегі неден туатыны түсінікті де. Өзінің шығармаларында жалғандық жолға түскен, капита листік қоғамда өзін азатпын, бипартиялық əдебиетшімін деп есептейтіндердің буржуазиялық кəсіп иелеріне, жалдаптық баспасөзге тəуелді болатындығы аян (Т. Кəкішев). (Оңдасынов 2010: 66, мысалдар осы автордың сөздігінен алынған). Қазақ говоларында жәлдап деген нұсқасы да тіркелген: Жәлдап 1. (Қ.орда, Арал) «алыпсатар, саудагер»: Жәлдаптарға тамақ жетсе, олар өздері біледі (Қ.орда, Арал). 2. (Қорда: Қарм., Сыр.) «екі саудагердің арасында жүріп пайда түсіруші»: Жәлдаптар базардың маңайынан шықпайды (Қ.орда, Қарм.) (ҚТАС 250). Қазақ тіліндегі басқа мағынаға ие болған жалап сөзі мен төмендегі аспа-жалап қос сөзін осы жалдаппен байланыстыруға болатындай: Аспа-жалап (Қарақ.) «өтірікші, айтқан сөзінде тұрақ жоқ адам»: «Ол аспа-жалаптың сөзіне ерме, қор боласың, балам» (Қарақ.). Аспа-жалап (Түрікм.: Бекд., Алт., Қиян., Красн., Ашх., Таш.) «тез, шапшаң, асығыс»: Бойлай аспа-жалап іспен-ақ шаршадым (Түрікм., Бекд.). Өзбекше аспижаллоб «жылқымен сауда жасаушы, пайдахор, алыпсатар» (Узб.-рус. сл., 1959, 42).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==