Каржы сауда лексикасы соңғы
231 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ татуластырушы, бас қосушы деген негізгі семаларынан бөлек, мұнда тек «делдал» мағынасы келтіріледі): Татар т. арада йөрүче «делдал, арашы, арада жүруші; арадаш «сол мағ.»; арадашлык «делдалдық» (ТатРС 47); башқұрт т. арала йөрөусе/аралашсы «делдал»; аралашлық «делдалдық»; аралашлық итеу «делдалдық ету» (БРС 39); қарашай-балқар т. ортада жүрүген адам «делдал»; арачы «маклер, саудада келістіруші» (РКБС 459; 261); қырым татар т. аражы «сол мағ.» (КТРС 208); қарашай, балқар т. арашы «сол мағ.» (КБРС 71); құмық т. арачы, арачылық (КумРС 30); қырғыз т. арачы (КРС 65) Түрікмен т. арачы «делдал» (ТРС 49); әзербайжан т. арачы (АзРС 19). Бедекші (ҚХР) «делдал, мал сатушы мен алушы арасында жүретін кісі»: Сейіт бедекшіні маңына жуытпайды. Ол базарға келген сайын қасапшы, қуашы, бедекшілерді қан қақсатып кетеді (ҚХР) (ҚТАС 136). Бедек түбірі «пысықтау, өсекқұмар, айлакер» деген ауыспалы реңк алған: Өтірік күлкісі ақпанның боранындай, өсегі өрттің морындай тыжырындыратын бедек еді. Сол бедек алдыңғы автомобильдің кабинасынан шыға бақырды. (Қажығұмар Шабданұлы. Қылмыс). Шығарманың соңында бедек сөзіне «мал саудасының салакеші, жалданба саудагер» деген түсінік берілген. Мәміле «келісім, бітім»: Мәмілеші «келісім жасаушы». Мәмілеге келді «бітімге келді, келісті» (ҚТТС 586). Арабша ˁml түбірінен келген muˁāmala(t) « ةلماعم екі жақты іс жасау, ортақ іс істеу, алыс-беріс» сөзінен келген. Оның өзі сол тілдегі ˁamala « لمع істеді, жасады» етістігі және амал сөздерімен төркіндес. Мәміле және одан жасалған мәмілеші қолданысы түркі тілдерінде кездеседі: Түрікше muamele «қарым-қатынас, мәміле, іс жүргізу»; muameleci «келісім жасаушы, істі білуші, сауда делдалы, өсімқор, ақша сатушы».
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==