Каржы сауда лексикасы соңғы
230 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Ол әкімнің дәлдәлшісі (Маң., Шевч.). Дәлдалшылық (Қарақ ) «саудагершілік» (ҚТАС 187). Бұл сөз түркі тілдерінде түрлі нұсқаларында жұмсалады: Құмық т. делел «делдал» (КумРС 106); қырымтатар т. деллял «сол мағ.» (КТРС 208); қырғыз т. далдал «сол мағ.» (КРС I 182); қарақалпақ т. дәлдал «сол мағ.» (КкРС 162). Түрік тілінде tellal «хабаршы, жар салушы, базарда хабар беруші; саудада делдал» (ТурРС 845); түрікмен т. деллал «делдал» (ТРС 253); әзербайжан т. дәллал «сол мағ.» (АзРС 103). Өзбект. даллол «саудададелдал;жаушы, екіжақтытатуластырушы, қуғыншы» (УРС 112); ұйғыр т. деллал «делдал» (YUTS 96). Түркі тілдерінде делдал сөзі барлығында дерлік бар болса да, біздегідей терминдік мағынада төмендегілер қолданылады: Әзербайжан т. vasitәçi , башқұртша аралашсы , қарақалпақ т. dáldalshı , қырғызша ортомчу және арачы , өзбекше vositchi , татарша арадашсы , түрік т. aracı , түрікменше araçy. Өзгелердің термин жасау тәжірибесін ескере отырып, бір түрік тілінде ұтымды жасалған терминді екінші, үшінші, төртінші тілдің қабылдау құбылысы туыстас тілдер арасында кең тарай қоймаған. Мәселен делдал/далдал/деллал/теллал сөзі 5 тілде де (қазақ, қарақалпақ, қырғыз, түрік, түрікмен) болғанымен оны термин ретінде тек қазақ таңдаған. Сөздікте түрік, түрікмен тілдерінде бірдей нұсқада қолданылатын aracı/araçy термині де қырғыз тілінде ( арачы ) қосалқы балама ретінде беріліпті. Егер түрік тілдері арасындағы үйлестіру жұмыстары жүргізіліп, ортақ атау делдал мен арашы сөздерінің бірі таңдалғанда бірізділік арта түскен болар еді. Олай болмауына негізінен түрік халықтарының басқа түрік тілдеріндегі термин шығармашылығынан хабарсыз қалып, тіларалық байланысты күшейтуге, терминологиялық жұмыстарды үйлестіруге тиісті дәрежеде мән бермеуі себеп болып отырғанын айтуға міндеттіміз. Арашы/арада жүруші/ортадағы келістіруші «делдал, саудада дәнекерші, екі-арада пайда көруші, жалдап». Оғыз тобында арашы сөзі «делдал» мағынасында кеңірек таралған, ал қыпшақта арада жүруші дегендей өзге сөз тіркестері мен туынды сөздер бар (араға түсуші, туыстар, құдалар арасында
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==