Каржы сауда лексикасы соңғы
229 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ болса, barışmak тұлғасы тек «татуласу, келісу» мәнінде жұмсалуда. Дегенмен, қазақ тілінде де бару етістігінің «келісу, татуласу» мәнінде жұмсалатынын көруге болады. Бұл біздің жоғарыда айтқанымыздай, «ұру-бару болу» тіркесі. Мұнда түрік тіліндегідей ауыспалы, яғни «келісу» мәні сақталған. Келістіруші «делдал». Келісу етістігіне «-ші» жұрнағы жалғануы арқылы «делдал» мәніндегі келістіруші сөзі жасалған. Қазақ және түркі тілдерінде түбі арабтікі (деллал) делдал сөзі актив жұмсалғанмен түркі негізді келістіруші болса белсенді жұмсала бермейді әрі бір-екі тілде ғана қолданылады: Татар т. килештерүче «делдал, келістіруші, ымыраға келтіруші» (ТатРС 411); құмық т. салыст .: гелечи «делдал; құда, жаушы, қуғыншы»; гелечилик «делдалдық; келістірушілік»: Гелечини авзу бош (погов.) «Свáты вольны говори́ть всё»; Гелечиси яхшы буса, келибаш да барыр эрге (погов.) «Если свáты хорóшие, то и пест зáмуж выйдет» (КумРС 75); қарашай-балқар т. келечи «делдал» (РКБС 459). Қазақ тілінде бұған жақын бірақ басқа семада айтылады: Келістіруші «Екі арада жүріп жарастырушы, татуластырушы»; келістірушілік «жарастырушылық, келістіруші болушылық» (ҚТТС 381). Делдал «Сатушы мен сатып алушы арасында келістіру үшін журетін дәнекер, келістіруші адам; сатушы мен алушы арасында жүретін өкіл». Қазіргі түркі тілдерінде араб тілінен кірген деллал сөзі актив жұмсалады, қазақ тілінде де оның делдал деген қазақы формасы қолданылады: Қазақ тілінде делдал «Екі кісінің арасын келістіру үшін журетін дәнекер, келістіруші адам; сатушы мен алушы арасында жүретін пайдакүнем (ҚТТС 196). Қазақ говорларында да дәлділші деген варианты қолданылады: Дәлдәлші (Маң.: Маңғ., Шевч.) «делдал»: Бесқаланың базары толған о кезде дәлдәлші болады, содан біреуі келіп өзіңді тауып алады (Маң., Маңғ.).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==