Каржы сауда лексикасы соңғы
228 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «Бір-біріне барып-келу» мағынасындағы келісу/барысу сөзде рінің «татуласу, мәмілеге келу, келісу» сияқты метафоралы мәнге ие болу құбылысын түркиялық лингвист Мұстафа Өнер айтып кеткен. Ғалымның сөзінше, бар - етістігіне «-ыс» ортақ етіс жұрнағының жалғануы арқылы алғашқы кезде «адамдардың бір-біріне барысуы, өзара келіп-кетуі» сияқты мәні туған. Одан ары қарай өзара келіп кету, барысу арқылы «келісу, түсінісу» сияқты жаңа мағыналар туған. Бұл негіздерге сүйене отырып, қазақ тіліндегі «ұру-бару болды» тұрақты тіркесіндегі бару болу да бару етістігінің ауыспалы «келісу» мәнінен туып отырғанын көрсетуге болады. Бұның айқын дәлелі ретінде түрік тіліндегі «келісу» мәніндегі barışmak етістігінің актив жұмсалуы. Сонымен, түрік тіліндегі «татуласу» мәніндегі barışmak сөзіне қазақ тілінде келісу сөзі сәйкес келеді, екеуі де семантикалық байланысы бар сөздер. Сол сияқты келісу етістігінен құралған келісім сөзіне түрік тіліндегі «бейбітшілік» мағынасындағы barış ұғымы пара-пар. Кел - немесе бар - сөздеріне ортақ етіс жұрнағының жалғануы арқылы «бірге барысу, келіп-кету» мәнінен «түсінісу, татуласу» метафоралық мағыналарының пайда болуы орта ғасыр дәуірінен бері бар құбылыс. Мысалы, орта ғасыр түркі жазба ескерткіштерінде, яғни мәмлүк қыпшақтары жазбаларында барышу сөзі «татуласу» мәнінде көрінген (XIII ғасыр түркі-араб сөздігі, Китабы Межму Тержумани Турки ескерткіші, Құрышжанов 1970: 92) Қазақ тілінде бұл сөз бар - тұлғасымен емес, онымен мәндес кел - сөзінен құралып, келісу және келісім түрінде жұмсалуда. Алайда бар - сөзі «ұру-бару болу» тұрақты тіркесінің құрамында бару болу тіркесінде сақталған. Ендеше келісу сөзімен мәндес бару болу тіркесін біліп жүргеніміз абзал. Сайып келгенде, келісу етістігінің үш мағынасы бар: «бір-біріне барып-келу»; «жарасу, түсінісу»; «келісім жасасу». Қазақ тілінде болса, алғашқы мағынасы ұмытылып, тек екінші, үшінші ауыспалы мағынасы сақталып отыр. Келісу сөзімен пара-пар барысу сөзі өзінің алғашқы мағынасында жұмсалуда. Түрік тілінде
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==