Каржы сауда лексикасы соңғы

227 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «КЕЛІСІМ, БІТІМ» СЕМАСЫНДАҒЫ СӨЗДЕР Келісім «Екеуара байласқан сөз, уәде; шарт, бітім, келіссөз». Экономика, қаржы саласында бітім, шарт, келісім, мәміле жасасу үшін келісім және одан туындаған көптеген тіркестер мен біріккен сөздер қолданылады. Олардың ішінде келісім алды, келісім берді, келісімге бармады, келісімге келді, келісім жасады, келісімхат, келіссөз, келісімсіздік, келісімшарт деген қолданыстар бар. Келісім сөзі көне және ортағасыр жазба мұраларында кездеспейді, оның қазіргі тілдерде ғана қолданылуынан жаңа сөз екенін аңғарамыз. Түркі тілдерінен тек қыпшақ тобында ғана жұмсалуы назар аудартады: Қырғыз т. келишим «келісім» (КРС I 370); қарақалпақ т. келисим «сол мағ.» (КкРС 310); құмық т. гелишив, гелишивлюк, гелишлилик, гелишмеклик «сол мағ.» (КумРС 75); татар т. килешү «келісім» (ТатРС 411); башқұрт т. килешеу «сол мағ.» (БТҺ I 488); қырымтатар т. келишюв/келишме «сол мағ.» (КТРС 400). Өзбек т. келушучилик «келісімдік, ымырашылдық» (УРС 213). Келісті сөзімен семантикасы әрі жасалуы ұқсас ұру-бару болды тіркесі де қолданылады. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде берілген «келісті» мәніндегі ұру-бару болды (ФC 732) тұрақты тіркесіндегі бізге түсініксізі бару болды тіркесі. Фразеологизм құрамында сақталған бару болды формасы қазақ тілі сөздіктерінде берілмеген. Мұндағы бару болды – түрік тіліндегі «келісті, татуласты» мағынасындағы barıştı сөзімен сәйкес келеді. Сонда бару болды тұлғасын «келісті» деп түсіндіріп бере аламыз. Неге десек, түркі тілдерінде бару немесе келу етістіктеріне /-ыс/ ортақ етіс жұрнағы жалғану арқылы жасалған тұлғалар, яғни келісті/ келишти (қыпшақ тілдерінде); барышты (оғыз тілдерінде) «келісті, мәмілеге келді» мағынасында жұмсалып жүр. Соңғы мағыналардың пайда болуы бару немесе келу етістіктерінің адамдар арасында өзара қарым-қатынасты білдіретіндігімен тығыз байланысты. Яғни «бір- біріне барып-келу, бірге барып-келу» алғашқы мәнінен ауыса келе, «келісу» сияқты метафоралы мән ортаға шыққан.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==