Каржы сауда лексикасы соңғы
226 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Тайшы сөзі көне және ортағасыр жазба мұраларында кең таралмаған, көне ұйғыр жазулы бір ескерткіште кездескенмен шағатайшада жиі қолданылған: Көне ұйғыр жазулы мұраларында тайшы «ұстаз, жол сілтеуші данышпан, ақылгөй» (Фен Тся-шен жазбасы); тайшы «атақты, танымал» (Бөгү хан жазбасы) (Türkische Turfan-Texte II) (ДТС 560). Шағатай жәдігерлерінен Жамиғат тауарихте тайшы «титул, дәреже аты»: Қадан тайшы, Нәкүн тайшы, Қон тайшы (Сыздық 2009: 158); Тауарих гүзи атты жазба мұрада тайшы/тайшу/тайчу «шах, ханзада, сұлтандардың аттарына жалғанатын титул»: Қазан тайшы (TGN.21a1); Баян тайчу (TGN.72a12), Бұқа тайшы (TGN.33a5); Тайчу Егечи «қыз есімі» (TGN.17a15); Тайшу Ноян «ер есімі» (TGN.27a7). Бұл сөз қазіргі түркі тілдерінде қолданыла бермейді. Тек тува мен сары ұйғыр тілінде моңғол немесе қытай тілінен алынған нұсқаларында жұмсалады: Тува т. тайжы «ақсүйек, ханзада, сұлтан» (TувРС 404); сарыұйғыр т. тайжи : Батур-хун-тайжи «Батурхун тайшы» (Maлoв 1957: 20, 109). Тайшы сөзі моңғол тілінде белсенді қолданылады: Моңғол т. тайжи «моңғолдардың ақсүйек руы; Шыңғыс хан ұрпақтары немесе төрелерінің аттарына қосылатын титул; төре, Шыңғысхан тұқымдары»; тайжы «тақ мұрагері» (MTS 1189); тайж «ханзада» (КMРС 194); халқа т. тайж , бурят т. тайжа , қалмақ т. тǝǝҗ «хан, сұлтан, ханзада, билеуші»; халка т. тайж «хан баласы, ханзада» (ЭСМЯ III 157). Манжұр т. тайдзи «тақ мұрагері» (ССТМЯ II 1977: 152). Этимологический словарь монгольских языковта тайшының қытай тілінен келуі мүмкін деген жорамал келтірілген (ЭСМЯ III 157).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==