Каржы сауда лексикасы соңғы

225 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ қарашай-балқар т. башчы (РКБС 554); қырғыз т. башчы/баштык/ башкаруучу (КРС I 120-121); татар т. башқаручы/башлық (ТатРС 90); башқұрт т. башлық (БТҺ I 128). Ұйғыр т. башқурғучи/башқарғучи/башчи «басшы, басқарушы, бастық» (YUTS 32); өзбек т. бошлиқ/бошчи/бошқаручи «сол мағ.» (УРС 74). Түрікмен т. баш «басшы»: кервен башы «керуен басы» (ТРС 79); башлық «төраға, басшы, бастық, жетекші» (ТРС 81); түрік т. başkan «сол мағ.» (ТурРС 101); baş «басшы»: işçi başı « жұмысшылардың басы» (ТурРС 97); әзербайжан башбилән «басшы, бастық» (АзРС 41); гагауз т. башчы «алдынғы қатарлы, ілгері, көшбасшы» (ГРМС 77). Алтай т. башкараачы/башчы «басшы, басқарушы, бастық» (АлтРС 106; 109). Орыс т. башлык «староста, старшина рыбаков» (ЭСРЯ (Фасмер) I 139). Араб тілінде башлык «басты, бірінші, аға, үлкен; картадағы король»; парсы тілінде башлык «көпес ағасы, көпестер басшысы; әскер басы» (ЭСТЯ II 88). Тайшы «басшы, билеуші, бай, бек, мырза, ақсүйек» Негізі моңғол тілінен деп анықталған тайшы сөзі қазақ тілінде қонтайшы «жоңғар билеушісі» (ҚӘТС X 33) формасында және төменгі мәтелде сақталған: Тайшы атым болмаса да, қойшы атым бар (БС 69 т.: 334). Тайшы сөзі ұмытылғандықтан енді бір нұсқада тойшы вариантымен ауыстырылғаны назар аудартады: Тойшы атағымыз болмаса да, қойшы атағымыз бар (БС 69: 345). Қазақ әдеби тілі сөздігінде тайшы архаизмы берілмеген. Бұл күні жеке сөз болып жұмсалмайтын ескі сөз тек жоғарыдағы мақалда айтылады Ә.Нұрмағамбетов қазақ сөздіктерінде түсіндірме берілмеген бірақ Тайшы атағымыз болмаса да дегенде сақталған тайшы сөзін көне түркідегі тайшы «ақылгөй, дана, ұстаз; атақты» (ДТС 528) және моңғолшадағы тайж «ақсүйек» тұлғаларымен бірдей көреді (Нұрмағамбетов 1994: 264).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==