Каржы сауда лексикасы соңғы
224 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «БИЛІК, БАСШЫЛЫҚ» МАҒЫНАСЫНДАҒЫ ТЕРМИНДЕР Билік «Басқарушылық, басшылық, үстемдік, қожалық; төрелік, шешім, үкім, жарлық, бұйрық, әмір (ҚТТС 131). Көне ұйғыр жазулы мұраларында беглик «бекке тиесілі; лауазымды; бек тұқымынан» (EUTS 37). Қарахан дәуірі жазба ескерткіштерінде беглик «бек билігі, билік» (ДТС 92). Хорезм, Алтын орда дәуірі жазба мұрасы Ортаазиялық тәпсір кітабында беглик «билік» (Боровков 1963: 94). Қырғыз т. бийлик «билік» (КРС I 133); қарақалпақ т. бийлик «сол мағ.» (КкРС 105); құмық т. бийлик «билік; князьдік» (КумРС 55); қарашай-балқар т. бийлик «билік» (РКБС 71); қарайым т. бэглик «бектің билігі» (КРПС 146) Ұйғыр т. беглик «бек билігі; билік» (YUTS 34); өзбек т. беклик «бектің лауазымы» (УРС 50). Түрікмен т. беглик «бектің жағдайы; ауыс.: ауқаттылық, салтанат, берекелі, тұрлаулы, байлыққа толы ғұмыр»: Сағлық болса беглик болар «Саулық болса салтанат болар» (ТРС 83); түрік т. beylik «мемлекеттік, үкіметтік; хандық, сұлтанат»: Beylik fırın has çıkarır «Үкімет наубайханасы нағыз етіп пісірер» (мәтел) (ТурРС 112); гагауз т. бейлик «барство, барская натура» (ГРМС 78); әзербайжан т. бәйлик «бек лауазымы, бекке тиесілі» (АзРС 46). Сары ұйғыр т. пеглық «басшы, басшының лауазымы» (Малов 1957: 89); алтай т. бийлеш «билік» (АлтРС 114). Бас/басшы/бастық/басқарушы Көне ұйғыр жазулы мұраларында башлық / башчы «басшы, басқарушы» (ДТС 87). Қарахан дәуірі ескерткіші Құтты білікте башчы «басшы» (ДТС 87). Диуани лұғатит түркте бодун башғаны «ел билеушісі, ел бастаушысы» (ДТС 87) Қырым татар т. башлық «басшы, бастық» (КТРС 347); қырым татар т. баш «сол мағ.» (КРПС 109); құмық т. башчы (КумРС 49);
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==