Каржы сауда лексикасы соңғы
223 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қазақ әдеби тілінде иелік деп жұмсалатын сөз оңтүстік говорларында егелік (ҚТАС 208) деп те айтылаты белгілі. Ие (көне түркіде иди, иге) сөзінен жасалған иелік формасы көне және орта ғасыр жазба мұраларында қолданылмаған. Иелік мағынасындағы осы туынды тұлға тек қазіргі түркі тілдерінде жұмсалады, бірақ басқа сөздердей өте кең таралмаған. Иелік сөзі айтылатын тілдер төменде келтірілген: Қырғыз т. ээлик «иелік» (КРС II 472); қарақалпақ т. ийелик «сол мағ.» (КкРС 290); ноғай т. ийелик «сол мағ.» (НРС 115); қарашай- балқар т. иелик «сол мағ.» (РКБС 71); құмық т. еслик «сол мағ.» (КумРС 115). Өзбек т. эгалик «иелік» (УРС 599); ұйғыр т. игилик «экономика; иелік» (YUTS 172). Түрікмен т. ейелик «иелік» (TTS 208); түрік т. iyelik «сол мағ.» (ТурРС 486); әзербайжан т. йийәлик «сол мағ.» (АзРС 157). Алтай т. ээлениш «иелік» (АлтРС 933); хакас т. ээліг «иесімен, иесі бар»: Иб ээліг пас мииліг (мақал) «Үй иесімен, бас миымен» (ХРС 335); тува т. ээлиг «иесі бар» (ТувРС 622).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==