Каржы сауда лексикасы соңғы
222 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Шағатай жазбаларында үш фонетикалық нұсқасында жазыл ғанмен егенің актив болғаны байқалады: Бадай әл-лұғатта еге «ие» (Боровков 1961: 78); Абушка лұғатында Abuşka исe «сол мағ.» (Вельяминов-Зернов 1868: 68); Ниязинің сөздігінде иге/ейе (Kaçalin 2011: 947). Анадолы түрік жазба мұраларында ис деген «с»-лы тұлғада да айтылған: Деде Қорқут кітабында исс «ие» (DKK.84-13...); ийе «сол мағ.» (DKK.35-13...); Кабуснама аудармасында исси «сол мағ.» (Kabus.13/14); Сүхейил нев бахарда исси «сол мағ.» (Süheyl.7-1...). Қазіргі түркі тілдерінде де көне ескерткіштердегідей түрлі-түрлі фонетикалық варианттары мен мағыналарында жұмсалады: Қырғыз т. ее «ие»; eгe «тәңір» (KS 321, 323); ноғай т. ийе «ие» (НРС 116); қарақалпақ т. ийе «сол мағ.» (KкРС 289); татар т. ийе «сол мағ.» (Öner 2015: 182); башқұрт т. ейә «ие; қорғаушы ие» (БРС 677); қарашай-малқар т. ийе «ие» (KMTS 231); құмық т. ес «сол мағ.»; иеси «бастауыш» (КумРС 115; KumTS 169); қарайым т. ийе «ие» (KРПС 197). Ұйғыр т. еге/иге «ие, қожайын, Жаппар ие» (YUTS 121, 172); өзбек т. егә «сол мағ.» (УТИЛ II 437). Түрік т. iye «ие» (TS 1235); түрік т. диал. eye/eyye/eğe «ие; қорғаушы, сақтаушы» (DS V 1819); түрікмен т. ейе «ие; данышпан; жын» (TTS 208); әзербайжан т. йийә «ие» (АзРС 157). Алтай т. ee «үй иесі, ие, қожайын» (ATS 80); хакас т. ee «ие; тәңір, рух, табиғат иесі» (HTS 117); тува т. ee «сол мағ.» (ТувРС 622); cары ұйғыр т. исе «сол мағ.» (Maлов 1957: 32). Якут т. иччи (ЯРС 158); чуваш т. ийе «бір пері, аруақ аты; қара рух; жын, үй жыны» (Федотов I 1996: 161). Моңғол т. ежен «ие; мырза; бастық, басқарушы» (MTS 534); бурят т. және халка т. эзэн; қалмақ т. эзн; дагай т. эджин «сол мағ.» (ЭСМЯ I 210). Тұңғыс манжұр т. едии/езин «ие, бек, сұлтан, басшы, хан; басқарушы; үй иесі, қожасы» (Федотов I 1996: 161). Иелік «ие болушылық, қожалық, басшылық; иемденушілік, меншіктенушілік, меншіктік» (ҚТТС 351).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==