Каржы сауда лексикасы соңғы

221 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ дауысты дыбысқа айналған. Қарлұқ тілдері мен қазақ говорларында «г» дыбысымен айтылады. Клаусон түркі ескерткіштері мен тілдерінде кең таралған еге сөзін көне иди нұсқасының екінші формасы деп анықтап, оны да көне тұлғасында сөз деп береді (өйткені еге де көне ескерткіштерінде кездеседі) (Clauson 1972: 41, 101). Оңтүстік говорларында сөз ортасындағы«г/ғ»-лардың сақталуына байланысты Досқараев та жазады. Ғалымның ойынша еге сөзінен бөлек суғару (әдеби тілде суару), тигірмен (диірмен), егер (ер) сөздері де осындай құбылысқа жатады (Досқараев 1963: 146-147). C.Бизақов, қазақ тілінде еге, ие деген негізгі сөздерден бөлек ес деген варианты ессіз «иесіз» туынды сөзде сақталғанын алға тартады (Бизақов 2008: 147). Қазақ тіліндегі «иесіз» мағынасындағы ессіз тұлғасы секілді түрік тілінде де әдеби тілде iye (алайда арабша sahip «сақып» сөзіне қарағанда актив емес) сөзімен бірге көне ыс сөзі ыссыз «иесіз» деген тұлғада сақталған (Kara 2011: 72). Ие сөзі Көне түркіде иди /иге/ийе, Қарахан мен Хорезм дәуірінде изи («д» дыбысына жақын «з»), Тарихи қыпшақшада ейе , Шағатайда еге , Анадолыда ыс деген түрлі варианттарында қолданылған: Орхон ескерткіштерінде иди «ие, қожайын» (KT.19; BK.2). Көне ұйғыр жазулы мұраларында үш нұсқада келеді, оның ішінде еге варианты да бар: Ырқ бітігте иди «ие; мырза» (EUTS 89); Turkische Turfan- Texte’де иге «үй иесі; рух, аруақ; тәңрі» (TT.VII.28/17) (ДТС 1204); Суварнапрабхасада ийе «ие (тәңрі мәнінде)» (Suv.577/7) (ДТС 205). Қарахан дәуірі құнды жәдігерлерінде «құдай» мағыналарына да ауысқан: Диуани лұғатит түркте İḍi («д» мен «з» арасындағы бір дыбысқа ауысқан) «құдай, тәңрі; ие; мырза» (DLT 56/42...). Құтты білікте iḍi «ие; тәңрі, ие, құдай» (KB.5...). Хорезм, Алтын орда жазбаларында еге деп жазылған: Қиссасүл әнбияда еге «ие» (KE.94v21); Муқадиметүл әдепте iḍe «ие» (ME.82-4); Мүминүл мүритте iḍi «тәңрі, құдай» (MM.12/4...). Мәмлүк қыпшақ жазба жәдігерлерінде тек ийе нұсқасында келеді: Әт тухфетүз зәкиеде ейе/ийе «ие» (TZ.35.a.-12); Иршадүл мүлікте ийе «ие; мырза» (İM.80a/3).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==