Каржы сауда лексикасы соңғы
220 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ МЕНШІКТІ БІЛДІРЕТІН ҰҒЫМДАРДЫҢ ТАРИХЫ Меншік «біреудің жеке өзіне тән иелігі, меншігі, қоры, жекеменшігі, дәулеті, қазынасы». Қазақ тілінде меншік «жекеменшік» және туынды меншіктеу «өзі ие болу, иелену»; меншікті «белгілі бір қоғамға, қоғам мүшесіне, жеке адамға тиісті, солардың иелігіндегі»; меншіктілік «біреуге тиістілік, соған тәнділік»; меншікші «меншік құмар, жекешіл» (ҚТТС 591) формаларында белсенді жұмсалады. Термин түркі тілдерінде кең таралмаған. Көне түркі ес керткіштерінде кездеспейді. Қазақ, қырғыз, қарақалпақ тілдеріне ғана тән қыпшақтық лексема: Қырғыз т. менчик ; менчикте -, менчиктүү, менчикчил (КРС II 25). Қарақалпақ т. меншик, меншикле, меншикли, меншиклик, мен шикши, меншикшил (КкРС 457). Көне ұйғыр жазулы ескерткішінде Менчүк сөзі «антропоним» деп көрсетілген (бұған қатысты ма, белгісіз) (EUTS 129). Басқа түркі тілдерінде бұл ұғым араб mülk сөзі арқылы беріледі (түрік, өзбек, татар, башқұрт, түрікмен, ұйғырдаmülk/milək/mülkiyyət түрінде жұмсалады). Ие «қожа, қожайын, иегер; үстемдік жүргізуші адам, әкім; жеке шаруа, өндіріс иегері, бастық». Қазақ говорларында (Жамб., Қорда, Шымк., Түркіст.) көне еге/ ега, егелену/егалану, егелік (ДС 237) деген тұлғаларда да кездеседі. Кейбір қазақ мақалдарында да ескі формасында айтылады: Еркек үйдің егесі, әйел үйдің шегесі Мал егесіне тартпаса арам өледі Еге тұлғалы сөз қазақ әдеби тіліндегі егемен терминінің түбірінде көнеше жазылған. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде говорлық ерекшелік деп есептелетін еге нұсқасы келтірілмеген. Көне түркі ескерткіштеріндегі иди тұлғасының «д» дыбысы ортағасыр жазба мұралары мен қазіргі түркі тілдерінде «з, г, с, й» дыбыстарына ауысқан. Сібір түркі тілдері мен қырғызшада ұзын
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==