Каржы сауда лексикасы соңғы
219 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Сөйлескен сайын екеуміз әбден сыралғы адамдар құсап кеттік (Б.Нұржекеев). Соған қарағанда біз талдап отырған сыралғы сөзі о баста сыралқы формасында болып, кейінірек сыралғыға өзгерген болса керек. Үзір «назды, кәделі алыс-беріс; жастары қатар, сыйлас адамдар арасындағы біріне-бірінің заттай әлде ақшалай болысуы». Үзірім бар «алыс-берісім бар» (ҚТТС 866). . Сөздің түбірі түркі және араб тілдеріндегі узр / үзр / өзүр тұлғаларымен байланысты болуы ықтимал. Араб тіліндегі ʿuzr ( )عذر «кешірім, себеп, сылтау» мағынасында, ал түркі тілдерінде өзүр, үзүр түрінде «кешірім, айып өтініш» мәнінде тараған. Демек, қазақ тіліндегі үзір бастапқыда «қатені кешіру, көңіл жібіту» ұғымынан өрбіген де, кейін «жақын қатынаста болу, көңіл үшін сыйласу» мағынасын қабылдаған болуы мүмкін. Түрікше özür «кешірім, айып, себеп» ( özür dilemek «кешірім сұрау»). Әзірбайжан т. üzr «кешірім» ( üzr istəmək «кешірім сұрау»). Өзбекше uzr «айып, кешірім, сылтау» (uzr so‘ramoq), т.б.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==