Каржы сауда лексикасы соңғы
218 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Шағатай түркі жазбаларында сауғат/соуғат/соуқат «сый, сый лық» (Kaçalin 2011: 992); савуғат «танысу кәдесі» (Kaçalin 2017: 143). Анадолы жәдігері Деде Қорқут кітабында савғат «сыйлық» (DKK.95-6). Қазіргі түркі тілдерінен негізінен қыпшақ пен қарлұқ тілдер тобында қолданылады: Қырғыз т. сооға «жорықтан әкелінген олжадан бөлінер үлес, сый» (KS 660); қарақалпақ т.. сауға «сол мағ.» (КкРС 568); ноғай т. сауға «сыйлық» (НРС 281); башқұрт т. сауға «соғыс, жорық олжасынан үлестірілетін сый» (БTҺ II 179); қарашай-балқар т. савға «сыйлық, сый; үстемақы, сыйақы» (KMTS 334). Ұйғыр т. соға «сыйлық»: соға қилмоқ «сыйлау, сыйға тарту» (YUTS 357); өзбек т. соуға «адамның көңлін табу үшін берілетін сый, кәде» (УТИЛ II 64). Түрікмен т. совғат «кәде, сый, сыйлық» (TTS 584). Моңғол т. сауғат «сыйлық» (MTS 1052). Сыралғы «аңшыдан, т.б. кәсіпшілерден алынатын сыбаға, үлес, олжа; мергеннің атқан аңынан алынатын кәде»: Батырдан сауға, егіншіден кеусен, балықшыдан сыралғы (Қ.орда, Арал). Тона екі бекірені сыралғыға маған бер (Түрікм., Красн.) (ҚТАС 630). Ал, кәне сыралғы алыңдар, деді саңқылдап. Жалмұрат онан талай сыралғы алып, дәм татқан жігіт (Ә. Нұрп., Қан мен тер 68) Аңнан қанжығасын қандап қайтқандар жолжөнекей жолыққандарға сыралғы бермес болар ма! (Ш.Айтматов, Ерте келген., 111). Батырдан – сауға, аңшыдан – сыралғы (мақал). Батырдан сауға, мергеннен сыралғы (мақал). Тілде сыралқы деп те айтылады. Сыралқы табақ тіркесінде де осы осы үлес мағынасы көрініп тұр. «Сырлас, бірін-бірі көптен білетін, көңлі жақын, ниеттес, таныс» мағынасындағы сыралғы бұған тек тұлғалық жағынан жақын болғанмен түбі бір сөз деп ойламаймыз: Оған не деп барады, бұрынды-соңғы сыралғы жан да емес (А.Байтанаев).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==