Каржы сауда лексикасы соңғы

217 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Сібір түркі тілдерінде болса айлық сөзінің «жалақы» мағынасы тіркелмеген. Сауға «үлес, пай; кәде, сыйлық; соғыстан түскен олжадан не ауланған аңнан берілетін сый, үлес» (ҚӘTС XIII 12). Сауғашы «Түскен олжадан сый сұраушы, сый алушы» (ҚТТС 716). Қазақ тіліндегі жоғарыдағы мағынаға жақын әрі фонетикалық жағынан да тұлғалас сауқат сөзі де осымен байланысты деп білеміз: Сауқат «Бір жақтан заттай жіберілген сәлемдеме» Сәлем-сауқат «сәлемдеме, сыбаға, сауқат, арнайы жіберген сый» (ҚТТС 716; 719). Сауға формасы келесі мақал-мәтелдер құрамында да айтылады: 1. Батырдан сауға, бәйгеден олжа (БС 67: 117). 2. Ақсақ ит сау иттен сауға тілейді (БС 65: 351). 3. Шеберден олжа, шешеннен сауға (БС 67: 432). Ауыз әдебиеті үлгілерінде: «Шешен сөйлер дауға деп, Қайрат қылдың жауға деп, Олжа салғын, құрдасжан, Беріңіз бізге сауға», деп (Қобыланды батыр). Е.Жанпейісов сауға сөзінің сағ «саулық, денсаулық» түбіріне «-ғa» барыс септігінің жалғануы арқылы жасалғанын алға тартып, сауғаны «саулыққа, саулық үшін» деп аударған. «Сыйлық, сый, үлес» деген де осы мағынадан ауысып келген деп жазған (Жанпейісов 1989: 13). Біз сауғаны моңғол тіліндегі сауғат сөзімен байланыстырамыз. Бұл туралы ғалымдар жазады, мәселен, неміс түркологы Дерфер орта ғасырда моңғол тіліндегі сауқат/сауқа тұлғалары парсы және түркі тілдеріне кіргенін атап көрсетеді (Doerfer 1963: 222). Орта ғасыр моңғолша сөздік Мұқадиметүл едепте сауғат сөзі моңғолдікі екені жазылып, түркі тілінде де осы тұлғада бар екені көрсетілген (Поппе 1938: 319). Ортағасыр жазба мұраларында сауқат тұлғасында келеді және ең алғаш Хорезм, Алтынорда жазба ескерткіштерінде «сыйлық» мағынасында кездеседі: Хорезм, Алтын орда жазба жәдігері Мұқадиметүл әдепте сауқат/ сауғат «кәде, сыйлық» (ME.78-8); Ибни Мұхенна лұғатында сауғат «сол мағ.» (İML.230).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==