Каржы сауда лексикасы соңғы

216 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Пай терминінің әдеби тілде де қолданылатыны байқалады. «Жарна, жарнапұл» мағынасындағы орыс тіліндегі пай (паек деп те айтылады) термині мұнымен бір болса керек. Сөздің өзі парсыша пāй « پای аяқ» дегенді білдіреді, бірақ ол тілде «үлес» семасы тіркелмеген. Анадолы түрік тілінде pay-ā-pay « адым адыммен, кезекпен» деген ұқсас мағынадан «үлес» семасы туындауы ғажап емес. Бұл тілде пай сөзінен туындаған біздегі «бөлісу» деген мағынада paylaşmak, paylaşım сөздері туындап, белсенді жұмсалады. Өзге оғыз тілдерінде мұндай қолданыстар актив сөздерге жатады, мәселен әзербайжан т. пай «үлес», пайлашма, пайлашмақ «үлестіру, бөлісу»; түрікмен т. пай «үлес», пайламақ «бөлу». Қазақ тіліндегі ұпай сөзі осымен байланысты болуы мүмкін. Айлық «Бір айға төленетін жалақы» (ҚТТС 24). Қазақ тілі говорларында айы деген нұсқада да айтылады: Айы (Шығ. Қаз., Больш.; Тау., Қош.) «айлық табысы, жалақысы»: Шапия, сіздің айыңыз қанша? (Тау., Қош.). Оның айы жүз теңге (Шығ. Қаз., Больш.) (ҚТАС 31). Түркі тілдерінде жиі кездесетін сөздердің бірі, оның ең бірінші мағынасы «бір айға тән, бір ай мөлшеріндегі», ал екінші туынды мағынасы бір айға төленетін «айлық жалақы» деген тіркестен қысқарып айлық сөзі соңында «жалақы» мағынасына ие болған. Түрік т. aylık «айлық жалақы (бірақ арабша maaş терминімен салыстырғанда сирек жұмсалады)» (ТурРС 82); әзербайжан т. айлығ «айлық» (АзРС 11); гагауз т. айлық (ГРМС 33); түрікмен т. айлық : Айлықчыныңқы айда түкенер, гүнлүкчиниңки гүнде «Айлыққа жұмыс істейтіндікі айда бітер, күндегіге істейтіндікі күнде бітер» (мақал). Оғыз тілдерінде «жалақы» деген семада бұл сөз белсенді емес, ал қыпшақ тобында актив лексикаға жатады: Құмық т. айлық «2. айлық» (КумРС 22); қарашай, балқар т. айлық «2. айлық жалақы» (КБРС 33); қырым татар т. айлық «3. айлық жалақы» (КТРС 322); қырғыз т. айлық «3. жалақы» (КРС 32); ноғай т. айлық «2. айлық жалақы» (НРС 30); қарақалпақ т. айлық «2. жалақы» (КкРC 27); татар т. айлық (ТатРС 29); башқұрт т. айлық (БРС 14). Ұйғыр т. айлиқ (YUTS 25); өзбек т. ойлиқ (УРС 310).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==