Каржы сауда лексикасы соңғы

215 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Тәжік, өзбек ағайындас тел қонып, Бірге төккен бір заманда көз жасын (С.Бегалин, Бұхара-Самарқанд сапарынан). Мектеп қабырға газетінің редколлегия мүшесімін. Комсомол комитетіне мүшемін. Комсомол жарнасын жинаушы казначеймін (Б.Соқпақбаев, Балалық шаққа саяхат). Жарна термині түркі тілдерінен тек қырғыз тілінде бар, соған қарағанда қазақ тілінен өтуі ғажап емес. Кейбір түркі тілдерінде бұл мағынада katkı payı (түрікше), üzvlük hakkı (әзербайжан т.) секілді кірме сөз тіркестері қолданылғанда қазақ тілінде бір сөзден ғана тұратын төл сөз қолданылады. Қол үздік (Ақт., Жүр.; Рес, Омбы) «малды сойған кісіге ақысы ретінде берілетін ет, үлес ет». Бұл сөз қазақтың дәстүрлі тұрмысында еңбекке, іске қатысқан адамға немесе көршілерге берілетін үлес, сыйлық, ақы ұғымын білдіреді. Мысалы, қол үздік беру «жұмысқа қатысқан, мал сойған, көмектескен адамға еттен сыбаға беру». Қол үздік тіркесі екі компоненттен тұрады: Қол «еңбек, жұмыс, іс, көмек, қатысу» мағынасында, мысалы, қол ұшын беру «жәрдемдесу»; қол қосты «бірге істеді». Үздік сөзбе-сөз «үзіп алынған бөлік, сыбаға, үлес» мағынада болса керек. Осылайша қол үздіктен «жұмыстан (қолдан) үзіп алынған үлес, яғни еңбектің сыйақысы, үлес ет» дегенге шығады: қол үздік = қол еңбегінің үлесі. Үздік сөзі үзік вариантында да айтылады: Қол үзік (Көкш., Қ.ту) «бидай қаптаған кезде астық сұраушыларға берілетін үлес» (ҚТАС 419). Жергілікті говорларда бел тамыр, аян омыртқа, қол кесер, қол қайыр, келі түбі, кеусен, қоян қашты, құлақ, кеусен құлақ, ақ құла, қырмантүп деген мағыналас сөздер бар. Пай (Түрікм.: Ашх., Красн., Байр., Мары, Тедж.) «үлес»: Бұл жер менің өз пайым (Түрікм., Ашх.) (ҚТАС 552). Говорларда пай жарнақ болу (Гур., Маңғ.) «ортақ болу, үлеске ортақтасу» (ҚТАС 551) тіркесі де тіркелген.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==