Каржы сауда лексикасы соңғы
214 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қарашай-балқар т. юлюш «үлес» (РКБС 148); құмық т. үлюш «сол мағ.»: Үйде йоқға үлюш йоқ «Үйде жоққа үлес те жоқ» (КумРС 323); қырғыз т. үлүш/үлө «сол мағ.» (КРС II 322); ноғай т. үлис «сол мағ.»: Үлисиңе түскен күмисиң «Үлесіңе түскен күмісің (Үлесіңе түскенге қанағатшыл бол)» (НРС 389); қарақалпақ т. үлес «үлес»: Жаман еки үлестен қуры қалар «Жаман екі үлестен құр қалады» (КкРС 691); қарайым т. үлюш «үлес» (КРПС 589); татар т. өлеш «сол мағ.»: Өлешеңә тигән көмешең (мәтел) «Үлесіңе тиген күмісің (қанағат тұт)» (ТатРС 1231); башқұрт т. өлөш «үлес; ортақ істен тапқан ақша» (БТҺ II 72). Ұйғыр т. үлүш «үлес; нәсіп; тағдыр, маңдайға жазғаны» (YUTS 445); өзбек т. үлуш «үлес, бөлік, енші» (УТИЛ II 272). Түрікмен т. үле «үлес, пай, бөлік» (ТРС 670); түрік т. üleş «сол мағ.» (ТурРС 887). Алтай т. үлү «үлес» (АлтРС 763); хакас т. үлес «бөліс, бөлік, бөлу» (ХРС 255); тува т. үлег/үлеш «бөліс; үлестірме, тарату» (ТувРС 446). Чуваш т. вале «үлес» (Егоров 1964: 46); якут т. өлүү «сол мағ.» (ЯРС 286). Жарна 1. «белгілі бір ұйымның мүшесі ретінде төленетін мөлшерлі пай ақша»; 2. «пайдадан түскен үлес, түсім. Жарна салды «ақшалай не мал түрінде көмек көрсету үшін қаржы жинады» (ҚТТС 273). Жарна төл түбірге (жару етістігі) сүйеніп жасалған, Алаш дәуірінде қоғамдық термин ретінде орныққан, қазіргі ресми лексиконға берік енген: Елге жазған хатында: «Қазақ» газеті шығатын болғанын, кейбір шәкірттер шекпеніне дейін сатып, жарна салғанын, өзі де екі сом бергенін, сол жақтан да қаржы жинап жіберу керектігін жазады (Ж.Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы). Берем сұраған ақшасын, қанша сұрар дейсің, ең көп болғанда Атбасар жәрмеңкесінен алам ба деген түсімнің жүзден бір жарнасы ғана болар (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз: 2 кітап). Мүшелік жарна деген қып-қызыл дау болды. Жарнаның кімнен, қанша жиналатындығы керіске түсті (І.Жансүгіров, Жолдастар). Алтын тамшы Зарабшанның арнасын, Кім таппаған іздеп бақыт жарнасын,
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==