Каржы сауда лексикасы соңғы

213 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ (КкРС 193); қырғыз т. энчи «енші; үлес, меншік»; энчикте- «еншілеу; еншісін бөлу, үлестіру; тең бөлу»; энчиле- «еншілеу»; энчилеш «еншілес; үлескер, өз үлесін алушы»; энчилик «меншік» (КРС II 455). Қарашай-балқар т. енчи «жеке, өзіне тиесілі, меншікті» (РКБС 257); құмық т. энчили «сол мағ.»: энчили мал «жекеменшік дүниесі» (КумРС 359); татар т. диал. инче (диал.) «приданое (обычно скотом и домашней птицей); инчегә калдыру «оставлять на племя (на развод)» (ТатРС 277); башқұрт т. инсе «кісіге атап қойған мал» (БТҺ I 386). Өзбек энчи «енші, әкеден балаға қалатын мүлік үлесі» (УРС 604); ұйғыр т. енчи «енші; үлес; мирас» (YUTS 113). Түрікмен т. инжи «атаның балаға сый ретінде беретін малы» (ТРС 355). Алтай т. энчи «мұра, мирас; өсиет» (АлтРС 918); салыст.: инже «мүлік» (АлтРС 236); тува т. өнчү «меншік, жекеменшік; мүлік, дүние» (ТувРС 336); хакас т. инчі (арх.) «енші, үлес; жасау» (ХРС 61). Якут т. эннэ «приданое» (ЯРС 541). Моңғол т. инжи ; халка т. инж , бурят т. энжэ , қалмақ т. инж «приданое»; (ист.) удел» (ЭСМЯ II 104). Моңғол т. өмчи ; халка т., қалмақ т. ɵмч , бурят т. үшсэ «собственность, личное имущество» (ЭСМЯ II 221). Моңғол т. өв ; халка т. ɵв «наследство; наследие»; қалмақ т. ɵв «собственность, имущество» (ЭСМЯ II 220). Үлес «пай, үлес, үлеспұл, жарна, енші, бөліс»: «Үлестіру» мағынасындағы үле-/үл- етістігінен жасалған үлес сөзі көне ескерткіштерде түрлі нұсқаларында әрі жиі қолданылған сөздердің бірі: Көне ұйғыр жазулы мұраларында үлүш/үлгү/үлүг «үлес, пай» (EUTS 272); үлүглүг-қутлуғ «жолы болғыш» (ДТС 625). Қарахан дәуірі ескерткіші Диуани лұғатит түркте үлүг «үлес»; үлүглүг «үлесті, үлесі бар, жолы болғыш» (ДТС 625). Құтты білікте үлүг «үлес» (ДТС 625). Кодекс куманикуста үлүш «үлес» (Gronbech 1992: 211). Қазіргі түркі тілдерінде қыпшақ тілдерінен бастап, бүкіл тіл­ дерде қолданылып келеді:

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==