Каржы сауда лексикасы соңғы
212 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «ҮЛЕС» МАҒЫНАСЫНДАҒЫ СӨЗДЕР Бәһра «үлес». Өткірдің жүзі / Кестенің бізі / Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан / Білмеске арзан / Надандар бәһра ала алмас (Абай). Дегенмен Түсіндірме сөздігінде бәһра (көне) «ләззат, ғанибет, ғибрат» делініп, Абайдан «Білмеске арзан, Надандар бәһра ала алмас» мысалы келтірілген. Бұл да өлеңдегі мағынаға қарап берілген секілді, негізі сөздің түбіне келсек, «үлес» дегенді білдерітіні анық, нақтырақ айтқанда өлеңде «ғылымнан пайда, білімнен үлес» деген сема бар. Тілде «баһра» деп те айтылады, 2013 жылғы Қазақ сөздігінде: «Баһра (ир.) «пайда, олжа, нәтиже», деп дұрыс түсінік берілген. Расында парсыша bahre « بهره үлес» сөзінен келген, сондай-ақ бұл қолданыс санскритше bhadra «бақыт, бақ» атауымен төркіндес. Түркі тілдерінің көбінде бахра/бәһра сөзінің «үлес» мағынасы негізгі емес, көбіне «пайда, нәтиже, игілік, ләззат» сияқты ауыспалы, абстракт мағынада жұмсалады, яғни, тура «үлес, енші» емес, «одан үлес алу» → «пайда көру, игілік табу» түрінде түсініледі. Көбінде әдеби, поэтикалық, ескі жазба тілде кездеседі. қазіргі ауызекі тілдерде сирек, орнына төл түркі үлеш, енчи, кірме сөздерден пай, хиссе, несип сияқты сөздер қолданылады. Енші «енші; үлес; мирас; мүлік, мал, дүние»: Көне ұйғыр жазулы мұраларында инчу «мұра боп қалған, мирас етілген, енші» (ДТС 210); «мемлекетке тиесілі жерлер» (EUTS 95). Тарихи қыпшақ ескерткіші Кодекс куманикуста енчи «мал, мүлік, жеке дүние» (Gronbech 1992: 63). Шағатай жазба жәдігерлерінде енчу «царское поместье; удельные земли; земли, входившие в личный удел членов дома Чингизхана; каждый, кто добровольно вступает на службу беку и им содержится» (Радлов I 1455; Будагов I 213). Қарақалпақ т. енши «енші, мирастың бір бөлігі, дүние-мүліктің үлесі, еншісі»; еншиле - «еншілеу»; еншилес «еншілес»; еншилеслик «еншілестік, еншілестік құқыққа ие болу»; еншили «еншісі бар»
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==