Каржы сауда лексикасы соңғы

211 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ деп тануға келмейді. Сірə, бұл көне түркі тілдерінде қолданылған «керуен» мағынасындағы арқыш-теркіш сөзінің «қазақшасы» болу керек. Арқыш сөзінің жеке тұрғандағы бір мағынасы «керуен» (ол да «қатарланған көліктер тізбегі»). Осы «керуен» мағынасындағы арқыш-теркіш тұлғасы қазақ тіліне іркес-тіркес болып көшкен болар деп топшылаймыз (Жуынтаева, Жұманбаева 2016: 8). Қазақ тілінде көне арқыш, теркіш сөздері ұмытылып, орнына керуен кірме сөзі белсенді қолданысқа өткен. Парсыша kārvān « کاروان сапардағы қатар, рет» дегенді білдіретін сөзден келген. Оның өзі көне тіл ақатша (аккад) ḥarrānu «жол, сапар, сауда сапары, керуен» тұлғасымен төркіндес. Арабша ḳayrawān, армян т. garavan, қазіргі латынша caravana бәрі ортағасырдағы парсы тілінен алынған. Орыс тіліндегі караван нұсқасы болса түркі тілдерінен өткен болса керек.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==