Каржы сауда лексикасы соңғы
210 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Эрүүлүк «жаңы конуп келген адамдарга көрсөтүлгөн сый, дасторкон». Моңғолия қазақтары ерудік деп те айтады: Ерудік (Сем., Аяг.; МХР) «ерулік»: Кеше кешкісін, мына көршіміз ерудікке шақырып еді (Сем., Аяг.). Жаз бойы ерудік жесіп, қарудық беріскен елдің дырдуы қыз ұзатып, келін түсірген, бала туып шілдехана күзеткен той думанға ұласып, бір сәт болса да қой алаңсыз өрістеп, жылқы қоя берсін жайылды (С.Тәу., Ақыр Жән., 119). Ерудік алған түтін иелері көйлек немесе шапан, жейде сияқты мүмкіндікке сай «ерудік кәдесін» береді (X. Нұрк., Ұлт. мирас, 103). Қытай қазақтарында ерулік ақша деген қолданыстың бар екені Аймақтық сөздікте тіркелген: Ерулік ақша (ҚХР) «көшіп-қонуға үкімет тарапынан берілген ақша» (ҚТАС 216). Арқыш, арқыш-теркіш «керуен». Ötüken yer olorup arkış terkiş ısar neñ buñug yok «Өтүкен жерінде тұрып, керуен жіберіп отырсаң мұң болмас» (Күлтегін, Білгеқаған) (Aydın 2014: 53). Ақиқат Сыйы атты еңбекте: Арқыш «керуен». Оң арқыш ұзды қопуп йол тутуп «әдепкі керуен қозғалып, жолға шығып ұзап кетті» (Әдеби жәдігерлер VI 2008: 440). Қарахан жазба жәдігерлерінен Құтты білікте: Ажун тезгинүр илде арқыш йорып, Ағы чуз тийиң киш алып сен тирип «Керуендер ел-жер кезіп, әлемді шарлар, сен жібек мата, бұлғын, тиін тондар жинарсың» (KB 5367) (Arat 1979: 534). Көне түркі арқыш-теркіш қос сөзі қазақ тілінде іркес-тіркес болып әлі күнге дейін жұмсалады: Күн көзі де əбден жылынып, аспанда жазғытұрдың ақ мамық бұлттары жөңкіліп іркес-тіркес көшті (М.Ə.). «Бұл қос сөздің соңғы сыңары əбден түсінікті, ол тірке етістігімен түбірлес сөз. Бұл етістіктен жасалған тіркес тұлғасы «қатарласқан тізбек» мағынасында жəне «жалғас, қатар» деген есім ұғымында қолданылады. Ал іркес-тіркес дегендегі іркес сөзінің түбірін ірік – «бөгеу, тежеу, тоқтату, ішіне бүгу, жасыру» етістігі
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==