Каржы сауда лексикасы соңғы
209 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Жылу – дәстүрлі қазақ қоғамындағы ауыр тұрмыстық жағдайға душар болған адамға көрсетілетін жәрдемнің бір түрі. Мұндай жәрдем жұт болып, малы қырылғанда, үй-жайы өртеніп, баспанасыз, киім-кешексіз қалғанда, шектен тыс қарыздар болғанда жеке адам ға туған-туысқандары, көрші-қолаңдары, ауылдастары тарапынан көрсетіледі. Жылу ақшалай, заттай, мал, т. б. түрінде беріледі. Жылу ағайын ақсақалы немесе ауылдың беделді адамының айтуымен жиналады (Қазақ энциклопедиясы). Тәуке ханның тұсында қабылданған қазақ халқының әдеп-ғұрып заңдарынан тұратын Жеті жарғы заңдар жинағында да осы мәселе көтерілген: «Әртүрлі табиғи апат (жұт, өрт, тағы да басқа) салдарынан мал мен дүниесінен айырылып, күнкөруі қиындап кеткен адамдар қазақ баласынан жылу жинауға хақылы. Жылуды ел болып та, жеке адам болып та жинайды, қандай да түрі болмасын жылу жинау туралы шешімде ел басшылары мен билердің келісімін алады. Егер апат бір адамға, бір ата баласына ғана келген болса, рулы ел өз бетімен- ақ көмектесіп, жұтаған адамдарға қарайласады. Ал жоқшылық тұтас руға келсе, онда амалдың жоқтығынан өзге елдерге барып өтініш жасауға тура келеді. Ел билері көрші алыс жақын елдердің басшыларынан жылу жинау үшін келісімін алады. Кей жағдайларда сыйласуларына қарай (құда, жекжат тағы да басқа) көрші, рулар өз бетімен көмек көрсетеді. Қазақ ішінде жылуды кез келген дәулетті қазақтан сұрау айып емес. (Егер шын жұтап отырса). Жағдайы келіп отырған адам нашарға деп жылу беру тәңірі алдындағы іс. Егер жылу жинаушы (адам немесе ру) өзінің берекесіздігінен, жағымсыздығынан, не өз дәулетсіздігінен ағайыннан көмек ала алмай өзге елде жүрсе, айыпталады. “Өз ағасын ағаламаған, өзгенің ағасын жағалайды» (Жеті жарғы). Ерулік «Жаңадан көшіп келгендерге ауылдастардың, туыстар дың не көршілердің сыбағалы тамағы». Ерулік берді «қонаққа шақырып, сый көрсетті» Еру елдің ерулігі бар «еру қонған елге маңайындағы бұрыннан отырған ауылдың беретін ерулік дәстүрі» (ҚТТС 233). Мұндай дәстүр қырғыз елінде бар: Эрүүлүк берип келүү «жаңа конушуга көчүп келгендерге сый көрсөтүү».
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==