Каржы сауда лексикасы соңғы

208 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Шағатай жазба мұраларынан Науаи, Мухакемүл лұғатейнде шиленчи «әскердің тамағын үлестіруші, бақауыл» (Barutçu Özönder 2011: 36); Бабурнамеде шилен «жұртқа тамақ тарату, ас беру» (Радлов IV 1077); Муқадиметүл әдеп сөздігінде шилен «сорпа» (Поппе 1938: 333). Анадолы түрік жазбаларында (Осман) шилен «ас тойы, ас беру; пир, ас отырысы» (TS V 3682); Деде Қорқут китабында шөлен «сияпат, ас қойылған той, отырыс» (DKK.103-3...). Түбі моңғолдікі деп тіркелген бұл сөз қазіргі түркі тілдерінде кең таралмаған, тек түрік, түрікмен және қырғыз тілінде қолданылады: Түрік т. şölen (мoңғ.) «отырыс, кеш, мәдини іс-шара, шеру; ас, той, тамақ берілетін отырыс» (TS 2230); түрік т. диал. шүлен «ұзатылу тойында күйеу бала мен келінге арнайы дайындалған тағам түрі» (DS X 3795). Түрікмен т. шүле «күрішті көже, атала» (ТРС 764) Қырғыз т. шилен «ортақ ұйымдастырылып берілетін ас, дәм»; «байлардың жайлауда беретін асы (қымыз, ет)»; «үлес»; сорпо- шилен «ет-сорпа түріндегі ас, дәм»: Елге шилен бергенде марттың чери жазылат «Елге шүлен таратқанда мәрттің шері тарқалады»; Шилен берип, той тойлап «Шүлен таратып, той тойлап» (KиргРС II 408) Moңғол т. шөлөн/шөл «сорпа, ет сорпасы» (KMРС 1947: 320; KMS 1977: 277). Халка т. шɵлөн , бурят т. шүлэн , қалмақ шɵлн , дагай т. шил , мангуор шулō «сорпа» (ЭСМЯ III 144). Жылу (көне) «Біреу шығынға, ауыр жағдайға ұшырағанда ел жиып беретін көмек, жәрдем» (ҚТТС 330). Жылу сұрау (Рес., Орын.) «көмек сұрау»: Борышқа ұшыраған немесе апатқа ұшыраған адамдар жылу сұрап келеді (Рес., Орын.) (ҚТАС 280). Жылу жинау «Қиын жағдайға тап болған адамға (адамдарға) көмек көрсету мақсатында мал, астық, дүние-мүлік, қаржы жинап беру» (Қаз. этнограф. 550). Жылу сөзінің ауыспалы мағынасынан шыққан болуы мүмкін деп пайымдаймыз.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==