Каржы сауда лексикасы соңғы

207 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ II бөлім) деп аталатын еңбегінде: шүлен – «ханское угощение чиновников по пятницам» деп көрсетілген. Қазақ даласында бұл әдет шүлен тарату (яғни хан атынан тегін ас тарату) мағынасында қалыптасса, хан асын таратуға, оны ел-жұртқа емін-еркін үлестіруге қатысқан жігіт-желеңдер шүлен, шүленші деп аталып кеткен. «Қолы ашық, жомарт» мағынасындағы шүлен жігіт пен хан қазанынан таратылған тегін асты елге үлестіруде өзінше жомарттық көрсетуге байланысты «шүленсудің» сыры міне осында. Сонда шүлен сөзінің бастапқы мағынасы мал сойылып, елге үлестірілетін астың, тамақтың түрі екен. Ол сөз түркі-моңғол тілдерінде күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен: моңғолша силун – сорпа, бурятша – шүле, шүлүн – ет сорпасы, жас сорпа, яқұтша сәлиян – ұннан жасалған ботқа, қырғызша сорпо – шилең – сорпа – суан т. б. Осыған байланысты, қазақ тілінде кездесетін «Үленіңе де, шүленіңе де жетеді» деген фраза «үлестіруіңе де, таратуыңа да түгел жететін (мол ас-су)» деген ұғымды білдіретіні талассыз. ІІІүлен немесе шүлен жігіт, шүленші сөздерінің «мырза, жомарт» мағынасы қазақ тілінде көбірек қолданады. Ал көне мағынасы ұмытылған. Сөз мағынасының кеңеюі, ауысуы дегенде біз тіл табиғатына тән міне осындай заңдылықтарды айтамыз. Шүленбай деген есімнің «атымтай – жомарт, мыр за, қолы ашық» деген мағынаны беретінін білсек те, оның о бастағы хан аты нан таратылатын сорпа-су, астың аты екенін елдің бәрі білмесе керек» (Қайдар I 2014: 239). Сонымен, шүленнің көне мағынасы «ас, ас тарату, ас тойы; тамақ, сорпа» екені белгілі, оның жомарт немесе тегін мал тарату деген мағыналары кейінірек ауыспалы мағынан негізінде туған. Мәселен, Бір іс қылса ақысын бер тіленбей, Ішкіз жегіз үлестіріп шүлендей (БС 66, 2010: 98) деген жолдардан кейінгі мағынасы аңғарылады. Шүлен сөзінің «береке» мағынасына да ауысқанын Су жүрген жер шүлен (БС 65 2010: 336) мақалынан аңғарамыз. Шүлен орта ғасыр жазба мұраларынан ең алғаш мәмлүк қыпшақ ескерткішінде қолданылған және оның қазіргі қазақ тіліндегі «жомарт» мағынасын бөлек көне мәнінде жұмсалғанын көреміз: Мәмлүк қыпшақ ескерткіші Әл идрақ хашиесінде шөлен «ас, ас- шай; сияпат, ас тойы» (İzbudak 1936: 45).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==