Каржы сауда лексикасы соңғы

206 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ ДАЛА ЭКОНОМИКАСЫНА, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНА ТӘН КЕЙБІР АТАУЛАР Шүлен тарату «күз түсіп, мал саны көбейгенде хан-сұлтандар мен дәулеті тасыған байлардың кедейлерге тегін мал, ақша, бұйым, тамақ үлестіруі арқылы жүзеге асқан салты». Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде шүлен сөзі «мырза, дарқан, жомарт кісі» деп анықталып, шүлен таратты тіркесі «барын мырзалық етіп үлестірді» деп түсіндірілген (ҚТТС 929). Бізге мәлім дүниеде қазақ шүленді негізінен мал қарасы көбейген, әбден жетіліп қоңданған қара күзде таратқан. Дәулеті толып тасыған бай-бағландар қора-қора малды ауыл адамдарының алдынан айдатып, тұрмысы төмендерге, мұқтаж жандарға әр малдың бірін беріп отырыпты. Қазақ әдеби тілі сөздігінде шүлен тарату этнографиялық ұғымына «байлардың жылына бір рет ас беру салты» (ҚӘТС XV 2011: 486) деген түсінік дұрыс берілген. Бұл сөздікте шүлен сөзі (этн.) «тегін таратылатын ас немесе зат (мал)» деп анықталған (ҚӘTС XV 2011: 486). Ә.Қайдар шүлен тарату тіркесінде сақталған шүлен сөзін моңғолша «сорпа» мағынасындағы силун , бурятша «ет сорпасы» мәніндегі шүлүн сөздерімен байланыстырады: «Қазақ арасында шүлен тарту, шүлен жігіт, шүленсу, шүленші, шүлен ас тәрізді сөздер де бар. Осындағы шүлен сөзінің мағынасы қандай, төркіні не? Зер салып карасақ, бұл қолданыстарда шүлен сөзі екі түрлі ұғымды білдіретін тәрізді: 1. «елге, көпшілікке таратылып, үлестірілетін зат»; 2. «жомарттылық, қолы ашықтық». Бір қарағанда бұлардың арасында мағыналык катыстық байкалмайтын тәрізді. Ал шын мәнінде ондай қатыстық бар: бұлар дербес екі сөз емес, мағынасы кеңейген, төркіндес бір-ақ сөз. Дәлелдеп көрейік. Та­ рихи деректерге сүйенсек, Орта Азия мен Қазақстан жерін бір заманда билеген Шыңғысхан әулеттерінің дәстүріндегі қарапайым халыққа жылына бір рет, хан төңірегінде жүргендерге аптасына бір рет тарататын тегін ас-суын өз кезінде шүлен деп атаған. Мысалы, бұдан шамамен жүз жыл бұрыншыққанА.Старчевскийдін «Спутник русского человека в Средней Азии»... (Санкт-Петербург. 1878,

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==