Каржы сауда лексикасы соңғы
204 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Мұндай қолданыс түркі тілдерінде сөзбе-сөз ұшыраспаса да сол формада жасалған бірақ ақша сөздерінен тұратын қолданыстар жеткілікті: Өзбек тілінде puldor odam, ұйғырша пуллуқ адәм , түрік тілінде paralı kişi, Әзербайжан т. pullu kişi, татар тілінде акчалы кеше «ақшалы адам», т.б. Сомалы «Ақшалы, қаражатты, бай» (ҚТТС 736). Сома сөзі суммадан келгені белгілі, оның өзі арабша саум «баға», сума «ақшадағы таңба, сурет» тұлғаларынан келуі ғажап емес. Дегенмен сумма/сомма латынша екені дәлелденген. Кейбір ғалымдар сомды суммадан келтіреді. Семантикалық дәлел ретінде шет тіліндегі манет/монетаның түркі тілдеріне манат боп кіруін көрсетеді. Бұл жерде де сумманың қазақ тілінде сома «белгілі бір мөлшердегі қаражат» сомалы «ақшалы, бай» деген тұлғалар сом емес, орыс тіліндегі суммадан келгені анық. Сомалы қолданысы түркі тілдерінде кездеспейді, қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бірі. Теңгелі «Теңгесі мол, ақшалы, ауқатты» (ҚТТС 798). Теңге – ежелден қолданылып келе жатқан күміс тиын ақша. Оны дөңгелек мағынасындағы көне теңерек сөзінің түбіріндегі тең түбіріне апаруға болады. Толығырақ теңге сөзіне қатысты тараушада берілген. Қазақ тілінде теңгелі сөзі жасалғандай, әр түркі халқының өз ақшасына немесе ақшаны атау сөзіне қарай жасалатыны да кездеседі, мысалы: қырғыз тілінде сомдуу, өзбекше puldor , ұйғыр т. пуллуқ , түрік тілінде paralı , әзербайжан тілінде manatlı adam , татарша сумлы кеше «ақшасы бар адам» деген секілді. Ырысты «Ырыс-несібесі, дәулеті мол, ризық-несібелі» (ҚТТС 947). Қазақ тілінде «береке; бақ, несібе» мағынасындағы ырыс сөзінен жасалған туынды сөз «бай» деген ауыспалы мағынаға өзгерген. Соңғы семасы тілімізде ырыс-береке, ырыс-дәулет, ырыс дарыды, ырыс қонды , ырысы бес елі тіркестерінде сақталған.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==