Каржы сауда лексикасы соңғы

202 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Тува т. ақшалығ «ақшасы бар» (ТувРС 50). Хакас т. ахчалығ «ақшалы» (ХРС 36). Чуваш т. укчала «бай, ауқатты» (ЧувРС 510). Бұлды «Пұлы бар, ақшалы, малды; беделді, қадірлі» (ҚТТС 153). Пұл сөзінің қазақ тілінде екі мағынасы белгілі, оның бірі ақша болса, екіншісі мата түрі. Бұл екі мағынадағы сөз пұл және бұл деген нұсқада қатар жұмсала береді. Осында бұлды қолданысында «ақша» мағынасындағы бұл сөзі қолданылған. Пұл сөзі парсы тіліндегі پول пул «ұсақ ақша, тиын» дегеннен келген. Бізге болса парсылардан сауда арқылы жеткен. Ал парсыларға көне грек саудагерлері обол деген тиынды жеткізген. Сол обол сөзі бірінші бол , сосын бұл , ең соңында пұл болып өзгерген. Көне гректердегі «тиын» мағынасындағы обол (ὀβολός) сөзі пол, бол деген варианттарымен ортағасырларда Византияда, сосын Франция, Голландия, Италия, Испания сияқты Еуропа елдерінде қолданылған. Тиынның санына қарай оны пентобол (5), триобол (3), диобол (2) деп атаған. Пұл сөзі түркі тілдерінде де кең таралған сөздердің бірі. Әсіресе өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, қырғыз, әзербайжан, түрікмен тілдерінде біздегі «ақша» сөзі сияқты жиі айтылады. Пұлды тұлғасы бірнеше түркі тілдерінде кездеседі, бірақ мағынасы біркелкі емес: Қырғыз тілінде пулдуу , қарақалпақ тілінде пуллы , ұйғырша pulluq «ақшалы, бай» болса, өзбек тілінде pulli «ақылы, ақшамен байланысты», әзербайжан тілінде pullu «ақылы». Дәулеті асқан «ауқатты, бай» (ҚТТС 194). Арабша dwl түбірінен шыққан даулат « دولة цикл, айналма; бақыт; қонған бақ; тағдыр, жазмыш; ерік, билік, егемендік» сөзі қазақ тілінде «байлық, қазына» деген мағынаға да ие болған. Мұндағы тіркесте «байлығы асқан» деген түсінік жатыр. Арабша «айналды, оралды» дегенді білдіретін даалa داََلَ етістігімен байланысты, яғни «бақтың айналып келуі» деген сема шыққан.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==